Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының Қарағанды облыстық кезеңінің қорытындылау салтанатынынан көріністер.
«Мың бала» жобасы – түрлі этникалық топтардың мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына қазақ тілі мен мәдени ортасына бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңіру мүмкіндіктерін көздейді.
Бүгінгі таңда,елімізде, сан түрлі ұлт пен ұлыстың басы қосылған толерантты қоғамда, әр ұлт өкіліне жақсы жағдайда өмір сүріп, тілі мен салт дәстүрін сақтай отыра барынша дәріптеуге толыққанды мүмкіндік жасалған. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты бойынша 1995 жылдың наурыз айында құрылған Қазақстан халық ассамблеясының қызметі осы тұста маңызды рөл атқаруда. Халықтар достығының темірқазығына айналған аталмыш ұйым әлемде теңдессіз әрі қайталанбас қоғамдық институт болып отыр. Аталмыш жобаның өңірде өркендеп қанат жаюына барынша қолдау білдірген Қарағанды облыстық білім басқармасы мен Қарағанды облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ.
Облыстық кезеңге Нұра, Приозерск, Шет, Қарағанды, мамандандырылған мектеп -интернаты оқушыларынан 22 ұсыным түсті және келесі қатысушылар Республикалық іріктеу кезеңіне жолдама алды.
«Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалар номинациясы жеңімпазы Сүлейменова Аяулым Турагұлқызы - Н.Нұрмақов атындағы мамандандандырылған мектеп –интернаты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі, «Тіл таным», «Сөз таным» т.б. бағдарламалар авторы, 6 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі оқулығы сараптамашысы және шәкірттері Мунтян Данил мен Больщаков Владимир.
«Тиімдік тілдік орта» ойын алаңы номинациясы жеңімпазы Қарағанды қаласы Қарағанды қаласы №93 гимназиясының жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқытатын мұғалімдердің шеберік орталығы тренері Кубекова Құралай Төлепбергенқызы.
«Асыл сөз» мектебі шешендік өнер номинациясы жеңімпаздары: Кузнецов Владимир - Приозерск қаласы №2 жалпы білім беретін орта мектебі оқушысы, Бұқар жыраудың 350 жылдығына арналған «Даланың дара данасы» облыстық байқауының жеңімпазы.
Ким Джейсан - Қарағанды қаласы №101 мектеп –лицейі, облыстық, республикалық қазақ тілі пәні олимпиадасы жеңімпазы, «Балалар мемлекеттің болшағы» республикалық байқауы «Сарыарқаның киелі жерлері» жобасы авторы.
«Еркін сөйле» үздік видеороликтер байқауы жеңімпаздары:
Рейникова Дарья - Нұра ауданы Шайменов атындағы орта мектеп, Халықаралық «Тұлға» байқауы, Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының жеңімпазы.
Валиев Анвар- Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп –интернаты, облыстық пәндік олимпиадалық командасы жеңімпазы, юниор олимпиадасы жеңімпазы, «Тіл таным» зертханасы мүшесі.
Мың бала жобасының тағы бір шарты залдағы көрермендермен лездеме сұрақ-жауап алмасу байқауы. Балалардың ішінде үздік викторинашы атанған Каверина Полина.
Концерттік бағдарламаға Қарағанды облысы білім басқармасының жыл бойында өткен "Абай оқулары", "Ақберен" байқауы, "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасы жеңіпаздары шақырылды.
#АНК #Мыңбала