Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

IХ Президенттік олимпиаданың кашықтық кезеңі туралы ақпарат

IХ Президенттік олимпиаданың кашықтық

кезеңі туралы ақпарат

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жаратылыстану - математика пәндерінен Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы» 08.08.2014 № 340 бұйрығы негізінде 2016-2017 оқу жылында жаратылыстану- математика пәндерінен IХ Президенттік олимпиада   үш кезеңде өткізіледі.

«Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатындабірінші аймақтық кезеңге 158 оқушы қатысып, 20 оқушы жақсы көрсеткішпен келесі онлайн- турға жолдама алды. Осы оқушыларға бейінді мектептің дайындық және эссе жазуға дағдыландыру сабақтары өткізілді.

Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде 2016 жылы 11 қарашада сағат-10-да онлайн-режимде қашықтық турына жолдама алған 20 оқушы қатысты.Қарағанды, Теміртау қалаларынан 4 оқушыдан, Жезқазған № 3 қазақ –түрік лицейі мен Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатынан 3 оқушыдан,Балқаш,Жезқазған, Саран қалаларынан, Қарағанды қаласының № 1 қазақ –түрік лицейінен, «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатынан ,Жаңарқа ауданынан 1 оқушыданқатысып өз білім деңгейлерін сынады.

Қашықтық кезең екі турдан тұрады, бірінші туры тест түрінде өткізіледі, екінші турда эссе жазылады. Қатысушылар 4 пәннен: математикадан, физикадан,химиядан, биологиядан 10 тапсырмадан орындайды (40 тапсырма).Тапсырмалар орындауға 120 мин , эссе жазуға 45 мин. беріледі.

Ең жоғары балл жинаған оқушылар келесі үшінші қорытынды кезеңге жіберіледі. IХПрезиденттік олимпиаданың қорытынды кезеңі 2016 жылы 23-26 қарашада Теміртау қаласында өтеді

 

Написать директору

Неверный ввод