Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ару қала-Астанам!» атты сырттай шығармалар байқауы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту мақсатында 2016 жылдың 4 – 18 шілде аралығында «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, «Ару қала – Астанам!» атты сырттай шығармалар байқауы өтті.
Байқау мақсаты мен міндеттері: жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді ояту, жасөспірімдердің әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
Байқауға 10-17 жас аралығындағы оқушылар қатысты.
Облыстық сырттай байқау келесі тақырыптар бойынша өткізілді:
- «Ару қала – Астанам!»;
- «Астана – болашақтың қаласы»;
- «Арайлы Астана»;
- «Астана – татулық пен бірліктің символы»
Байқауға Осакаров, Ұлытау, Шет аудандарынан, Балқаш, Қаражал, Саран, Шахтинск, Теміртау, Қарағанды қалаларынан 42 сұраныс қабылданды.
Байқау корытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
«Ару қала – Астанам!» (10-14 лет)
I орын – Жақсылық Камилла, № 30 Жалпы білім беретін орта мектебі, Жайрем кенті, Қаражал қаласы;
IIІ орын – Қалиев Ерболат, №11 Жалпы орта білім беретін мектебі, Қоскөл селосы, Ұлытау ауданы.
«Ару қала – Астанам!» (15-17 лет)
ІІІ орын – Мүгірова Бибатима, №11 Жалпы орта білім беретін мектебі, Қоскөл селосы, Ұлытау ауданы.
«Астана – болашақтың қаласы» (10-14 лет)
ІІ орын – Бармурзаева Ұлданай, № 9 Жалпы білім беретін мектебі, Шахтинск қаласы;
ІІІ орын – Ходаков Владимир, № 17 Жалпы білім беретін мектебі, Балқаш қаласы.
«Астана – болашақтың қаласы» (15-17 лет)
І орын – Олжабай Жантілек, № 5 Пионер негізгі мектебі. Ұлытау ауданы.
«Арайлы Астана» (10-14 лет)
І орын – Серікжанова Аружан, № 30 Жалпы білім беретін орта мектебі, Жайрем кенті, Қаражал қаласы;
ІІ орын – Қордабай Ескендір, № 17 орта мектебі, Ұлытау ауданы.
«Астана – татулық пен бірліктің символы»(15-17 лет)
ІІІ орын – Аманжол Нұрболат, № 30 Жалпы білім беретін орта мектебі, Жайрем кенті, Қаражал қаласы.
Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен, ал мұғалімдер балаларды дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Орын алмаған оқушыларға сертификаттар берілді.