Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

“Әбіш оқулары” байқауы

Маңғыстау өлкесінен сүйінші хабар! Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Маңғыстау облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 20-21 мамыр күндері “Әбіш оқулары” байқауы өтті. Қарағанды облысының командасынан 4 бағытта да оқушылар қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Иллюстрациялық суреттер /Әбіш Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу/
бағыты бойынша Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияның 11 - сынып оқушысы Саматова Нұрайлым жүлделі ІІІ орын иеленді.👏
Жетекшісі: Альжанова Мөлдір Жаксыбаевна.
Мәнерлеп оқу. /Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан (прозасы, поэзиясы) мәнерлеп үзінді оқу/ бағыты бойынша Мағжан Жұмабаев атындағы гиназияның 9-сынып оқушысы Сыздықова Альбина ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: Абдирова Рысты Мнажовна
Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық шыңынан көрініңдер!
Жүлдегерлерге орта білім беру комитетінің дипломдары және естелік сыйлықтар, “Меломен” кітап дүкеніне сертификаттар табысталды.
Әбіш мұрасы — ұлттың рухани темірқазығы. Бұл байқау – сол мұраны жаңа буынның жүрегіне жеткізудің алтын көпірі болды.

WhatsApp Image 2025 05 21 at 183559 1

WhatsApp Image 2025 05 21 at 183559 2

WhatsApp Image 2025 05 21 at 183600

WhatsApp Image 2025 05 21 at 183600 1

 

Написать директору

Неверный ввод