2025 жылғы 16 мамырында Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Қарағанды қаласы Г. Потанин атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында 5, 6, 7-сынып оқушылары арасында «Қанатын жайған – туған жер» облыстық тарихи-өлкетану конкурсы өтті.
Жалпы конкурсқа облысымыздың аудан, қала мектептерінен қатысқан оқушылар конкурстың ережесі бойынша бірінші турда төрт бағытта жоба жұмыстарын қорғап, екінші турда берілген тақырыпта тарихи қолөнер туындысын жасады.
Конкурсқа қатысқан барлық қатысушыларға сертификат беріліп, нәтижесі «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының сайтында жарияланады.