Республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі
2025 жылғы 14 мамырда Қарағандыкөлік-технологиялық колледжінің базасында қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу және оқушылардың классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында 7–11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтті.
Облыстық кезеңге 36 оқушы 3 бағыт бойынша бақ сынады.
Байқаудың қорытындысы бойынша келесі жүлдегерлер анықталды.
«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы:
І орын – Сүндет Нұрзиада, «№14 ЖББМ» КММ (Қарқаралы ауданы);
ІІ орын – Тукитаева Дияра, «№17 ЖББМ» КММ (Қарағанды қаласы);
ІІ орын – Нүсбек Аххуу, «№33 НОМ» КММ (Осакаров ауданы);
ІІІ орын – Қабдолла Томирис, «Нұра ЖББМ» КММ (Нұра ауданы);
ІІІ орын – Сарыбай Назира, «Ә. Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ (Теміртау қаласы).
«Жасынан оқу оқып, өнер қуған» номинациясы:
І орын – Сұлтанғали Қымбат, «М. Жұмабаев атындағы гимназиясы» КММ (Қарағанды қаласы);
ІІ орын – Тұрсынбек Дидар, «Абай атындағы ЖББМ» КММ (Саран қаласы);
ІІ орын – Рақымжан Сабина, «Әл-Фараби атындағы ЖББМ» КММ (Балқаш қаласы);
ІІІ орын – Амандыкова Балжан, «№4 ЖББМ» КММ (Теміртау қаласы);
ІІІ орын – Байкен Асылхан, «Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ (Шахтинск қаласы).
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы:
І орын – Қапыш Аярыс, «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ (Қарағанды қаласы);
ІІ орын – Хайратұлы Нұртілек, «Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ (Шахтинск қаласы);
ІІ орын – Қазбек Айбар, «Р.Молдақашев атындағы ЖББМ» КММ (Қарқаралы ауданы);
ІІІ орын – Амантай Жанерке, «М.Мамыраев атындағы мектеп-интернаты» КММ (Қарағанды қаласы);
ІІІ орын – Қуаныш Нұрайлым, «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ (Балқаш қаласы).
Облыстық «Мағжан оқулары» байқауының жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Республикалық кезеңде жеңіс тілейміз!