Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі

Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі өтті

2023 жылдың 12 қазанында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы «Балалар әлемі» жобасы аясында балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында Республикалық " Балалар оқулары" байқауының облыстық кезеңін өткізді. Байқауға 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Байқау екі айналымда өткізілді: бірінші айналым – оқушылардың оқыған кітаптарынан құрастырылған тест сұрақтары, екінші айналым – ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазу.
Байқауға ММЛИ және аудан/қалалық орта білім беретін мектептерінен 50 оқушы қатысты. Оқушылар жас ерекшелігі мен оқу бағдарламасына сәйкес «Әдебиет порталы» интернет-жобасында жарияланған, қазақстандық және шетелдік әдеби кітаптарды оқып, сол кітаптар негізіндегі тапсырмаларды орындады.
Байқаудың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды.
8 сынып оқушылары арасында:
І орын - Мұхаметолла Іңкәр- Балқаш қаласы;
ІІ орын - Торбаева Алтынай-Теміртау қаласы және Абдигаликова Ақгүл -Қарағанды қаласы;
ІІІ орын - Хурметбек Харашаш - Абай ауданы, Асхар Ләйла - Бұқар жырау ауданы, Жақсыберген Сая – Қарқаралы ауданы.
9 сынып оқушылары арасында:
І орын - Ашикова Айзере – Бұқар жырау ауданы;
ІІ орын - Оспанова Индира –Теміртау қаласы, Батырханов Арнұр– "Озат" ММЛИ;
ІІІ орын - Каримсакова Шапағат – Приозерск қаласы, Бекмаганбетова Айым – Нұра ауданы, Гантулга Бекболат –Осакаровка ауданы.
10 сынып оқушылары арасында:
І орын - Балхашбаева Нұрай –Шет ауданы;
ІІ орын - Шукирбаева Балжан – Шахтинск қаласы, Аштай Мирас –Дарын ММЛИ
ІІІ орын - Сағымұлы Мәди – Балқаш қаласы, Калыкбергенова Гульдерайым – Нұра ауданы, Құдайбергенова Балжан – Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ.
Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Байқаудың IІІ (республикалық) кезеңі қараша айында өтеді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Написать директору

Неверный ввод