Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

«Ясауитану»

Бүгін, 2024 жылдың 15 наурыз күні Қарағанды қаласының №17 жалпы білім беретін мектеп ғимаратында «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының жылдық жоспарына сәйкес оқушылардың Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін насихаттау мақсатында дәстүрлі республикалық «Ясауитану» байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқау 2 кезең бойынша өтіп, қазылар алқасы үздіктерді іріктеді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша, төмендегі оқушылар байқаудың жеңімпаздары атанды:
Бас жүлдені Қарағанды қаласының Жамбыл атындағы ММЛИ 8 сынып оқушысы Марғұланқызы Ақтоты иеленді;
1 орынды Қарағанды қаласының С. Мұқамеджанов атындағы ЖББМ 9 сынып оқушысы Қанат Инабат Рустамқызы иеленді;
2 орынға Қарағанды қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББМ 8 сынып оқушысы Марат Ұлпан Асылбекқызы иеленді;
3 орынға Қарағанды қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББМ 8 сынып оқушысы Шахизада Айзере Ерсайынқызы және Теміртау қаласы «Озат» ақпараттық технологиялар ММЛИ 7 сынып оқушысы Тасболатқызы Айым.
Жеңімпаздардың барлығы дәстүрлі республикалық «Ясауитану» байқауына жолдама алады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Написать директору

Неверный ввод