2024 жылдың 28 тамызында "Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының басшысы Нүркен Ашыкбаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы Ұлттық құрылтайдағы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының мазмұнының жаңартылған нұсқасымен орталық әдіскерлерін таныстырды. Таныстыру барысында еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипатталғанын жан-жақты түсіндіре келе, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басты идеясын жүзеге асыру үшін орталықтағы зертханалардың жұмыс жоспарымен сәйкестендіріліп, біріге жұмыс жасауды атап өтті.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы(скачать)