Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

«Ақберен» республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеннің қорытындысы

«Ақберен» республикалық байқауының облыстық

іріктеу кезеннің қорытындысы

 

"Балалар жылы" аясында Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» оқушыларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының жылдық жоспарына сәйкес 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.

Байқауды өткізудің мақсаты мен міндеті: жас дарындар арасынан гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілеті жоғары, тапқыр талантты жан-жақты қалыптастыруға жол көрсетіп суырып салмалық, әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) табиғи танымдық қабілеттерін айқындау.

Байқаудың облыстық іріктеу кезеңі 2022 жылдың 11 қарашасында «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында өтті. Байқауға аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты. «Ақберен» байқауына Бұқар жырау, Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаров, Нұра, Шет аудандарының, Қарағанды, Балхаш, Қаражал, Теміртау, Приозерск, Шахтинск қалаларының және облыстық Ж.Жамбыл, Н.Нұрмақов, Дарын, Мұрагер мамандандырылған мектеп-лицей-интернатары, №1 және №2 Білім инновация лицейі, "Зияткер" мамандандырылған мектеп-интернатары, Ақпараттық технология мамандандырған мектеп- интернатының оқушылары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны –  90 оқушы.

Байқау қорытындысы:

«Эссе жазу» номинациясы бойынша:

І орын - Балқаш қаласының «Русаков атындағы мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Разакова Замира;

ІІ орын - Н.Нұрмақов атындағы  ММЛИ- 11-сынып оқушысы Байжаканова Аяулым;

ІІІ орын - Қарағанды қаласының №61 жалпы білім беретін мектебінің  11-сынып оқушысы Жумабекова Жанар;

МАДАҚТАМА: Балқаш қаласының Зияткер мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Абылқас Аяулым.

 «Шешендік өнер» номинациясы бойынша:

І орын - Қарағанды қаласының «Абай атындағы мектеп-гимназиясының» 9-сынып оқушысы Қаныш Еркежан;

ІІ орын- Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ 11-сынып оқушысы Теміржан Нұрғасыр;

ІІІ орын - Шет ауданының С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Қуанышева Дариға;

МАДАҚТАМА: Теміртау қаласының «№4 жалпы білім беретін орта мектебінің» 10-сынып оқушысы Маныбекова Жасмина.

 

 «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша:

І орын- Балхаш қаласы. «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы 9 сынып оқушысы Амангелді Бекарыс;

МАДАҚТАМА: Қарағанды қаласы. Ә. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Бакирова Аружан;

МАДАҚТАМА: Қарағанды қаласы. №2 Білім инновация лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Жарылғасын Аружан.

«Ақындар мүшәйрасы» номинациясы:

І орын- Бұқар-жырау ауданының  "Ростовка тірек мектебінің 8 сынып оқушысы Сержан Жаншырақ;

ІІ орын- Қарағанды қаласының  "Дарын" мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Таңат Нұрсұлтан;

ІІІ орын-Шахтинск қаласының  №12 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Жұман Жасұлан; 

МАДАҚТАМА: Қарғанды қаласының «Абай атындағы мектеп-гимназиясының» 9 сынып оқушысы Шекен Тұңғиық.

 «Ұлттық аспапта ойнау» номинациясы бойынша:

І орын - Балқаш қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Нұрлыбайұлы Али;

ІІ орын - Бұқар жырау ауданы Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Хурметбек Айдын;

ІІІ орын - Абай ауданы №1 қосымша білім беру мектеп-орталығының 10 сынып оқушысы Акшалова Алуа; 

МАДАҚТАМА: Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 8 сынып оқушысы Болатбекқызы Асылайым;

МАДАҚТАМА: Ақтоғай ауданының К.Бәйсейітова атындағы тірек мектебінің 10 сынып оқушысы Бегілікова Ақгүлім.

«Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша:

І орын- Қарағанды қаласының №61 жалпы білім беретін мектебінің 8- сынып оқушысы Изат Нұрғасыр.

ІІ орын - Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 8-сынып оқушысы Бақытбек Гауһар.

ІІІ орын - Балқаш қаласының «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Райс Төле.  

МАДАҚТАМА: Бұқар-жырау ауданының "Қ.Сатбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Айтмуханова Мерей.

МАДАҚТАМА: Шет ауданының, С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің  8-сынып оқушысы Абдрахманова Жасмин.

 МАДАҚТАМА: Қарағанды қаласының №2 Білім инновация лицей интернатының 8-сынып оқушысы Ілияс Гаухар.

Облыстық іріктеу кезеңнің бірінші орын алған жеңімпаздар 2022 жылғы 28-30 қараша аралығында Астана қаласында өтетін республикалық байқауға қатысады.

 

20221111 095657

20221111 150024

IMG 20221111 WA0044

WhatsApp Image 2022 11 11 at 184848

Написать директору

Неверный ввод