Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

Пікірсайыс клубтары жетекшілерінің құрама командалары арасындағы облыстық турнир өткізілді / Проведен областной дебатный турнир среди сборных команд руководителей дебатных клубов

 Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған пікірсайыс клубтары жетекшілерінің құрама командалары арасындағы облыстық турнирдің қорытындысы бойынша ақпарат.

 

Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-пратикалық орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 04 қараша күні Ахмет Байтұрсынұылының 150 жылдығына орай  пікірсайыс клубтары жетекшілерінің құрама командалары арасындағы облыстық турнирі өтті. Турнир «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының базасында АПФ (Американдық Парламенттік) форматы бойынша өткізілді.

Турнирдің мақсаты: пікірсайыс (дебат) қозғалысты дамыту және насихаттау, мектептегі пікірсайыс (дебат) қозғалысты дамыту және қолдау, педагогтер арасында тәжірбие алмасу.

Турнирдің міндеттері:

  • Дебат клубының жетекшілерінің жалпы шешендік сөйлеу өнері  дағдыларын  және  сендіру  әдістерін қалыптастыру,  ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктіліктерін дамыту;
  • Қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды талдау мен көпшілік алдында  талқылау  арқылы  дебат клубының жетекшілерінің мәселелерді шешу жолдары  мен  тетіктерін  табу, дәлелдеме жасау өнерін қалыптастыру;
  • Дебат клубының жетекшілерін өзекті қоғамдық саяси тақырыптарды талқылауға тарту, азаматтық көзқарастарын дамыту және конструктивті диалог пен пікірталасты жүргізу мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын жандандыру;
  • Педагогтер арасында тәжірибе алмасуға ықпал ету.

Турнирдің қарарлары:

  1. Бұл палата Қазақстан имиджді өсіру саясатына қарағанда әлуметтік көмек көрсету іс-шараларына басымдылық беру керек деп есептейді.
  2. Бұл палата мемлекет экономикасына зардап келетін іс-шараларды өткізуді жалпы ұлттық референдум арқылы шешу керек деп есептейді.
  3. Бұл палата ғылымның дамуы табиғи сұрыпталу процесіне кері әсер тигізгеніне өкінеді.
  4. Бұл палата «Ұлттық балалар қоры» идеясын қолдайды.
  5. Бұл палата Қазақстандық мектептерде бірінші сыныптан бастап үштілділік саясатын қолдайды.
  6. Инфослайд: «Tiger parenting» – ата-аналардың өз балаларының мектептік және академиялық жетістіктерге жету мақсатында қатал және қатты талаптар қою арқылы тәрбиелеу.

     Бұл палата 'Tiger parenting'-ді қолдайды.

  1. Бұл палата әлеуметтік желі пайдасынан гөрі зияны көп деп санайды.
  2. Бұл палата Ахмет Байтұрсынұлының үздік шығармасын көрсетеді.

Турнирге облыс бойынша жалпы 56 жетекші қатысты. Барлығы – 28 команда, орыс лигасы – 8, қазақ лигасы– 20.

Түрнирдің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Қазақ лигасы

I орын «Азамат» командасы:

  1. Аринов Ернат Амарханұлы – «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты.
  2. Әділ Қажыбайұлы – Қарқаралы ауданы

ІІ орын «Zhiger» командасы:

  1. Қасқабайұлы Әбдібек – Балқаш қаласы
  2. Байдүйсен Ақмерей Нұрсұлтанқызы – Шахтинск қаласы

ІІІ орын «Ai&Ar» командасы:

  1. Тұтқыш Айдана Жаңбырбайқызы – «Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты
  2. Арғынқызы Арайлым – Шахтинск қаласы

          «Қаныш Сәтбаев» командасы

  1. Тұңғышбек Арман – «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты
  2. Усенова Манар Мәдениетовна – Қарағанды қаласы

Үздік спикер:

Бегімбаева Назерке Талғатқызы– «Жан рахаты үшін» командасының спикері, Балқаш қаласы.

Орыс лигасы

І орын «Ctrl +V» командасы:

  1. Жармаганбетова Венера Саятовна – Қарқаралы ауданы
  2. Абдрахманов Нурасылжан Наготаевич -Балқаш қаласы

ІІ орын «Феникс» командасы:

  1. Балтабаев Марат Бопышевич – Теміртау қаласы
  2. Игнатова Елена Ивановна – Бұқар Жырау ауданы

ІІІ орын «Арсенал» командасы:

  1. Алексеева Елена – Осакаров ауданы
  2. Кошмаганбетов Ансар Бактыберлыевич – Саран қаласы

«Ctrl+С» командасы

  1. Хуркалов Дмитрий Борисович – Теміртау қаласы
  2. Одинаева Евгения – Балқаш қаласы

Үздік спикер:

Балтабаев Марат Бопышевич – «Феникс» командасының спикері, Теміртау қаласы.

Жеңімпаздар және үздік спикерлер дипломдармен марапатталып, кубоктар табысталды. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.

                                                                                             

ИНФОРМАЦИЯ

о проведении областного дебатного турнира среди сборных команд руководителей дебатных клубов, посвященного 150-летию Ахмета Байтурсынова

 

Управления образования Карагандинской области региональный научно-практический центр дополнительного образования для детей «Сарыарқа дарыны» 04 ноября 2022 года провели областной дебатный турнир среди сборных команд руководителей дебатных клубов, посвященного 150-летию Ахмета Байтурсынова на базе специализированная школа-интернат «Дарын» по формату АПФ (American Parliamentary Debate).

Цель Турнира: развитие и популяризация школьного дебатного движения области, развитие и поддержка школьного дебатного движения.

Задачи Турнира:

1) Расширение общекультурного кругозора руководителей дебатных клубов, повышение уровня академических знаний, формирование навыков ораторского искусства и методов убеждения, развитие интеллектуальных, творческих способностей, исследовательских, организационных навыков, коммуникативных умений;

2) Формирование у руководителей позитивного, критического мышления, навыков системного анализа, собственных взглядов, поиска путей и механизмов решения конкретных проблем путем анализа и публичного обсуждения актуальных проблемных ситуаций, имеющие место в Казахстанском обществе, искусства доказывания;

3) Активизировать руководителей дебатных клубов в обсуждении вопросов  актуальных общественно-политических тем, развития гражданских взглядов и формирования культуры ведения конструктивного диалога и дискуссии;

4) Содействие обмену опытом между педагогами.

Резолюции турнира:

  1. Эта Палата считает, что Казахстан должен отдавать приоритет политике по оказанию социальной помощи в отличие от политики роста имиджа;
  2. Эта палата считает, что проведение мероприятий, затрагивающих экономику государства, должно решаться посредством общенационального референдума.;
  3. Эта палата сожалеет, что развитие науки отрицательно сказалось на процессе естественного отбора;
  4. Эта палата поддержит идею “Национальный фонд - детям”;
  5. Эта палата поддерживает внедрение трехязычия в казахстанских школах с первого класса.
  6. Инфослайд: "Tiger parenting" -воспитание родителей путем предъявления жестких требований к своим детям с целью достижения ими школьных и академических успехов.

     Эта палата поддерживает "Tiger parenting";

  1. Эта палата считает, что социальные сети принесли больше вреда, чем пользы.
  2. Эта палата показывает лучшее произведение Ахмета Байтурсынова.

В областном турнире приняли участие 56 сильнейших руководителей  дебатных клубов нашей области. Участвовали 28 команд, из них 8 команд русской лиги, 20 команды казахской лиги.

По итогам турнира были определены следующие победители:

Казахская лига:

I место  команда «Азамат»:

  1. Аринов Ернат Амарханович – СШЛИ «Зияткер».
  2. Әділ Қажыбайұлы – Каркаралинский район

ІІ место  команда «Zhiger»:

  1. Қасқабайұлы Әбдібек – город Балхаш,
  2. Байдүйсен Ақмерей Нұрсұлтанқызы – город Шахтинск

ІІІ место  команда «Ai&Ar»:

  1. Тұтқыш Айдана Жаңбырбайқызы – «СШЛИ им.Н.Нурмакова»
  2. Арғынқызы Арайлым – город Шахтинск

Команда «Каныш Сатбаев»:

  1. Тұңғышбек Арман – СШЛИ «Дарын»,
  2. Усенова Манар Мәдениетовна – город Караганда

Лучший спикер:

Бегімбаева Назерке Талғатқызы– спикер команды «Жан рахаты үшін», город Балхаш.

Русская лига

І место  Команда «Ctrl +V»:

  1. Жармаганбетова Венера Саятовна – Каркаралинский район,
  2. Абдрахманов Нурасылжан Наготаевич -город Балхаш

ІІ место  Команда «Феникс»:  

  1. Балтабаев Марат Бопышевич – город Темиртау
  2. Игнатова Елена Ивановна – Бухар Жырауский район

ІІІ место команда «Арсенал»:

  1. Алексеева Елена – Осакаровский район
  2. Кошмаганбетов Ансар Бактыберлыевич – город Сарань

ІІІ место команда  «Ctrl+С»

  1. Хуркалов Дмитрий Борисович – город Темиртау
  2. Одинаева Евгения – город Балхаш.

Лучший спикер:

Балтабаев Марат Бопышевич – спикер команды «Феникс», город Темиртау.

Победители и лучшие спикеры были награждены дипломами и кубками. Всем участникам были вручены сертификаты.

 

IMG 20221117 WA0018

IMG 20221117 WA0019

IMG 20221117 WA0020

IMG 20221117 WA0021

 

Написать директору

Неверный ввод