Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

«Республикалық балалар оқулары» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы.  

«Республикалық балалар оқулары» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы.

Бүгін, 14 қазан күні «Сарыарқа дарыны» орталығы Қарағанды қаласының №2 оқушылары сарайында «Республикалық балалар оқулары» байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқауда 3-10 сыныптар оқушылары өзара сайысқа түсті.

Жалпы байқауға өңірден 80 оқушы қатысты. Оқушылар сыныбына қарай 4 топқа топтастырылып, әр топ берілген 2 кітап бойынша тапсырмалар орындады.

3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар («Қазақ ертегілері» және «Алпамыс батыр» ертегісі);

 5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар («Мен – апамның баласымын» және «Ағайынды Гриммдер ертегілері»);

 7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар («Ұшқан ұя» және «Гулливердің саяхаты»);

 9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар («Көшпенділер. Алмас қылыш», І. Есенберлин және «Робинзон Крузо», Даниэль Дефо).

Байқаудың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды.

3-4 сынып оқушылары арасындағы жеңімпаздар:

1 орын Берікбай Кәусар –Балқаш қаласы;

2 орын Байменде Расул – Нұра ауданы және Абдуллаева Меруерт – Теміртау қаласы;

3 орын Жанкелді Нұралы – Қарағанды қаласы, Айбат Асылай – Шет ауданы, Бейілхан Аяулым – Осакаров ауданы.

5-6 сынып оқушылары арасындағы жеңімпаздар:

1 орын Байболатқызы Мейрамгүл – Шет ауданы;

2 орын Мәжкен Минура – Балқаш қаласы және Алпысбай Айзере – Бұқар жырау ауданы;

3 орын Қорабай Назерке –Қарағанды қаласы, Қуатбай Нұрилә – Теміртау қаласы, Мекен Айша – Ақтоғай ауданы.

7-8 сынып оқушылары арасындағы жеңімпаздар:

1 орын Маратова Айзере – Қарқаралы ауданы;

2 орын Тугельбаева Айнур – «Жамбыл» ММИ және Ермек Әлтаир – «№1 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты;

3 орын Алпысбай Алтынай – Теміртау қаласы, Каримсакова Шапағат – Приозерск қаласы, Серік Нұрәсем – Шет ауданы.

9-10 сынып оқушылары арасындағы жеңімпаздар:

1 орын Бегілікова Ақгүлім –  Ақтоғай ауданы;

2 орын Алдаберген Жаннұр – «№2 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты және Тұрсын Жансая – Бұқар жырау аудан;

3 орын Курманкулов Нурислам, «Мұрагер» ММИ, Аштай Мирас, «Дарын»  ММИ, Қалқаман Аслан – Балқаш қаласы.

Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ орындар дәрежелі диплом және медалдармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Байқаудың IІІ кезеңі (республикалық) 2 қараша өтеді.

0

1

2

3

4

5

7

8

9

10

11

12

13

14

66

666

 

Написать директору

Неверный ввод