Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

 «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

 «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

 

2022 жылғы 30 қыркүйекте Балалар жылы аясында "Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты: білім алушыларды ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында зерттеу, өнертапқыштыққа баулу, дарынды балаларды қолдау, тұлғаның шығармашылық құзіреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Байқауға аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары (30 оқушы) қатысты.

Байқау 10 номинация бойынша өткізілді.

Жеңімпаздар келесі номинациялары бойынша анықталды.

Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру:

І орын – Боранбай Ажар, Ж.Ақылбаев атындағы  мектеп-гимназиясы, Шет ауданы;

ІІ орын – Дәулетжан Нұрасыл, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі, Қарағанды қаласы;

ІІІ орын – Жақсылық Ділшад, №44 ЖББМ, Қарқаралы қаласы.

Ауыл шаруашылығы техникасы саласындағы техникалық конструкция және жабдықтар:

І орын – Набиев Юрий, «Балалар технопаркі» балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі, Теміртау қаласы;

ІІ орын –  Жолдасбек Мағжан, №12 ЖББМ, Қарқаралы ауданы Ақжол ауылы;

Әскери техника саласындағы техникалық құрастыру:

І орын – Хамитов Сүлеймен, М.Жұмабаев атындағы гимназия, Қарағанды қ;

ІІ орын – Ибраев Диас, Ю.Гагарин атындағы ЖББМ, Бұқар жырау ауданы.

Су көлік саласындағы техникалық құрастыру:

І орын – Никифорова Ульяна, «Балалар технопаркі» балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі, Теміртау қаласы;

ІІ орын – Жанибек  Әлихан, Ю.Гагарин атындағы ЖББМ, Бұқар жырау ауданы.

Құрылыс саласындағы модельдер:

І орын – Газдиев Давид, «№15 ЖББМ», Қарағанды қаласы;

ІІ орын – Тусупбеков Алан, Ғ.Мұстафин атындағы ЖББМ, Қарағанды қ.

Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы модельдер:

І орын – Кулагин Ростислав  Н.Әбдіров атындағы ЖББМ, Қарағанды қаласы.

ІІ орын – Жанарбек Инабат, Ж.Ақылбаев атындағы  мектеп-гимназиясы, Шет ауданы;

ІІІ орын –Аманбек Нұрділдә, «Б.Момышұлы атындағы ЖББМ, Қарағанды қ.

Авиация саласындағы модельдер – авиациялық техника әзірлеу саласындағы модельдер:

І орын – Рем Кирилл,  №15 ЖББМ», Қарағанды қаласы;

ІІ орын – Қалыбек Медина, №15 ЖББМ, Қарағанды қаласы;

ІІІ орын – Голынков Давид, №15 ЖББМ, Қарағанды қаласы;

Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы модельдер:

І орын – Усольцев Артём, №15 ЖББМ, Қарағанды қаласы;

ІІ орын – Таргинова Айлин, №15 ЖББМ, Қарағанды қаласы.

Компьютерлік графика және 3D модельдеу:

І орын – Бапыл Айдын, Ә.Ермеков атындағы тірек мектебі, Шет ауданы Ақадыр кенті. 

ІІ орын – Гринько Никита, №12 тірек мектебі, Осакаровка кенті;

ІІІ орын – Бегайдар Гульбахар, №15 ЖББМ, Қарқаралы ауданы Матақ ауылы.

Номинациялар бойынша жеңімпаздар республикалық кезеңге жіберіледі. Барлық жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Жетекшілерге алғыс хат, қатысушыларға сертификат беріледі.

Номинациялар бойынша жүлдегер болған 10 оқушы байқаудың республикалық кезеңіне қатысады.

Баршаңызды жеңіспен құттықтаймыз!

 

1

2

3

4

 

5

6

7

8

9

11

12

Написать директору

Неверный ввод