Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

«Сарыарқа дарыны» АҒПО 2022 жылдың 23 қыркүйегінде «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде 3-10 сынып оқушылары арасында «Республикалық балалар оқулары» байқауының аудандық/қалалық кезеңі өткізілді

«Республикалық балалар оқулары»

 байқауының аудандық/қалалық кезеңі өтті

 

«Сарыарқа дарыны» АҒПО 2022 жылдың 23 қыркүйегінде «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде 3-10 сынып оқушылары арасында «Республикалық балалар оқулары» байқауының аудандық/қалалық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты оқушылардың кітапқа деген құштарлығын арттыру және оқу сапасын жақсарту.

Байқауға дайындалу үшін оқушылар «Әдебиет порталы» интернет-жобасындағы ұсынылған қазақстандық және шетелдік кітаптардың тізімі бойынша дайындалады. Байқау тест және эссе  (2 тур) форматында өтті.

3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар («Қазақ ертегілері» және «Алпамыс батыр» ертегісі);

 5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар («Мен – апамның баласымын» және «Ағайынды Гриммдер ертегілері»);

 7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар («Ұшқан ұя» және «Гулливердің саяхаты»);

 9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар («Көшпенділер. Алмас қылыш», І. Есенберлин және «Робинзон Крузо», Даниэль Дефо).

Қарағанды облысынан аудандық/ қалалық кезеңіне 2000 астам оқушы қатысты. Облыстық кезең 14 қазанда Қарағанды қаласында өтеді.

 

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

16

20

Написать директору

Неверный ввод