Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 28 ақпан 2 наурыз аралығында «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында (Алматы қ.) дәстүрлі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын өткізеді (бұдан ә

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 28 ақпан 2 наурыз аралығында «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында (Алматы қ.) дәстүрлі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын өткізеді (бұдан әрі - Конкурс).
Осыған орай облыстық кезең а.ж. ақпанның 10 күні онлайн форматта «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының әлеуметтік-психологиялық зертханасында өткізіледі. Конкурсқа қатысу туралы сұранысты басшының қолы және мөрімен расталған нұсқасын (электронды нұсқасы) және авторлық бағдарламаның электрондық нұсқасын а.ж. 10 ақпанға дейін көрсетілген үлгі бойынша мына электрондық поштаға жіберу сұралады: e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Іс-шараға жұмыс өтілі 5 жылдан жоғары облысымыздың барлық білім беру ұйымдарының психологиялық қызмет, әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану, тәрбие жұмысы, қосымша білім беру саласындағы авторлық жұмыстарымен мамандар қатыса алады.
Конкурстың Ережесі мен өткізу туралы ақпараттық хат «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының www.daryn.kz сайтында берілген.

Написать директору

Неверный ввод