Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасының 30- жылдығы мерекелеріне арналған мектеп оқушылары арасындағы
республикалық пікірсайыс (дебат) турнирінің облыстық кезеңі қорытындысы бойынша ақпарат.
Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-пратикалық орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 14-15 қазан аралығында оқушылар арасында Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасының 30-жылдығы мерекелеріне арналған республикалық пікірсайыс (дебат) турнирінің облыстық кезеңі өтті. Турнир ZOOM (Cloud Meetings) бағдарламасында АПФ (Американдық Парламенттік) форматы бойынша өткізілді.
Турнирдің мақсаты: мектеп оқушыларының арасында мектептік пікірсайыс (дебат) қозғалысты дамыту және насихаттау, мектептегі пікірсайыс (дебат) қозғалысты дамыту және қолдау.
Турнирдің міндеттері:
- білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар
арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру,білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын және сендіру әдістерін қалыптастыру, зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, ұйымдастыру дағдыларын, коммуникативтік біліктерін дамыту;
- қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды
талдау мен көпшілік алдында талқылау арқылы білім алушылардың позитивті, сыни ойлауын, жүйелі талдау дағдыларын, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табу, дәлелдеме жасау өнерін қалыптастыру,парламенттік мәдениет элементтерін дамыту;
- оқушылардың демократиялық қоғамдағы азаматтық көзқарастарымен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу, туған өлкенің, елдің мәселелерін талқылаумен шешудегі жауапкершілік, қатыстылық сезімін қалыптастыру.
Турнирдің қарарлары:
- Бұл палата қоршаған ортаны сақтау экономикалық өсуден маңызды деп санайды.
- БП Өнер адамдары(музыканттар,суретшілер,жазушылар,т.б)өздерінің шығармашылықтарының салдары үшін жауап бермейді деп есептейді
- БП жаһанданудың пайдасынан зияны көп деп есептейді
* бұл тақырыпта жаһандану арқылы біз Бүкіләлемдік саяси, экономикалық, мәдени және діни интеграция мен бірігу процесін түсінеміз.
- Бұл палата ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Кенесары Қасымұлының басын Ресейден қайтаруды талап етеді
- БП ақшаны үнемдеу үшін уақытты құртқанша, уақытты үнемдеу үшін ақшаны құртуды таңдайды.
Байқауға аудандық, қалалық кезендердің жеңімпаздары, мамандандырылған мектеп-интернаттардың оқушылары қатысты. Барлығы – 45 команда, орыс лигасы – 17, қазақ лигасы– 28, қатысушылар саны – 90 оқушы.
Түрнирдің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
Қазақ лигасы
I орын «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының «Alash» командасы:
- Құрманғалиев Иманғали
- Қасымбек Бекғаділ
ІІ орын Балқаш қаласының «Самұрық» командасы:
- Фархатов Айбол
- Талгатова Алия
ІІІ орын Ақтоғай ауданының «Алау» командасы:
- Жанибекова Лаура
- Айтжанова Жансая
Үздік спикер:
Құрманғалиев Иманғали– «Alash» командасының спикері, «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы.
Қазақ лигасының финалист командасы: «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының «Жігер» командасы
Орыс лигасы
І орын Балқаш қаласының «Жігер» командасы:
- Куликова Мария
- Огай Данила
ІІ орын «Н.Нұрмақов атындағы» мамандандырылған мектеп-интернатының «Домино» командасы:
- Карина Аянат
- Мейрамұлы Мұхамедәли
ІІІ орын «Дарын» мамандандырылған метеп-интернатының «ЖК» командасы:
- Ильясов Эрик
- Еркин Айдана
Үздік спикер:
Еркин Айдана – «ЖК» командасы «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы.
Орыс лигасының финалаист командасы Теміртау қаласының «Ақылдылар» командасы
Жеңімпаздар және үздік спикерлер дипломдармен және сыйлық сертификаттармен, финалист командалар мадақтамамен, ал жеңімпаз командалардың жетекшілері оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.