Бүгін 2021 жылғы 6 қазан күні облысымыздың "Жас Сарбаз" сыныптары VII Республикалық әскери патриоттық "Айбын" жастар жиынының ашылу салтанатына онлайн форматта қатысты . Ашылу Қарағанды облысының әкімінің орынбасары А. Нукенов, Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі дапартаментінің бастығы Ж. Құнанбаев , Б. Алимжанов, Н. Бекенов, Ж. Тусупованың қатысуымен өтеді. 6 қазан мен 29 қараша аралығында өтетін Байқау қатысушыларына арналған бағдарламасының сайыстарында қатысушыларымызға сәттілік тілейміз.