"Отан отбасынан басталады"
"Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелері жерде қалдырмайды. Әрбір ересек адам өзі бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек екендіктерін білулері қажет. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз.
Өнегелі құндылықтарды жаңғырту, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін үгіттеу мақсатпен 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай Қарағанды қаласының «Оқушылар сарайы», «Сарыарқа дарыны» БҚББ АҒПО қолдауымен 12 мен 30 сәуір аралығында «Бастауға апарар жол» атты ашық аймақтық қашықтықтан байқау өткізді. Байқаудың қорытындысы 15 мамыр күні белгілі болды.
Аталған байқауға Қарағанды облысының келесі аудандары белсенді қатысты: Нұра, Абай, Бұқар жырау, Шет, Ұлытау аудандары. Сонымен қатар Саран, Приозерск, Балқаш, Сәтпаев қалаларынан және Қарағанды білім беру ұйымдарынан: №82,104,66,82,33,32,101, 18,5,93,6,16, А.Ермеков, А. Байтұрсынов атындағы мектептер белсенді қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Байқауға ұсынылған жұмыстар: байқау тақырыбына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі, жаңашылдық, шығармашылық тәсілдеме, креативтілік және өзіндік ерекшеліктері, жұмыстың мазмұнының тереңдігі (ашылу толықтығы) толық талаптарға сай және жоғары деңгейде орындалған.
15 мая - Международный день семьи.
Для каждого человека важнейшая составляющая жизни — это семья. Казахстан — страна, жители которой высоко ценят родственные связи и теплые семейные отношения. Семья для казахстанцев — неиссякаемый источник опоры и отрады, радости и взаимопомощи.
В семье происходит воспитание человека: закладываются базовые моральные качества, формируется гражданское сознание. От того, насколько хорошо семьи справляются с этими задачами, зависит будущее всего государства — его счастье и богатство, развитость и гуманность. Благодаря семье крепнет и развивается государство, растет благосостояние народа. Во все времена о развитии страны судили по положению семьи в обществе и по отношению к ней государства. С семьи начинается жизнь человека, здесь происходит формирование его как гражданина. Семья – источник любви, уважения, солидарности и привязанности, то, на чем строится любое цивилизованное общество, без чего не может существовать человек. Благополучие семьи – мерило развития и прогресса страны.
С целью возрождения нравственных ценностей, широкой пропаганды семейных ценностей, пропаганды позитивного имиджа казахстанской семьи 15 мая - в честь Международного Дня семьи «Дворец школьников» г. Караганды при поддержке РНПЦ ДОДД «Сарыарқа дарыны» с 12 по 30 апреля провели открытый региональный дистанционный конкурс «Дорога к истокам». Итоги конкурса стали известны 15 мая.
Активное участие в данном конкурсе приняли следующие районы Карагандинской области: Нуринский, Абайский, Бухар-Жырауский, Шетский, Улытауский районы. Также школы города Караганды: №82,104,66,82,33,32,101, 18,5,93,6,16, имени А. Ермекова, А. Байтурсынова из городов: Сарань, Приозерск, Балхаш, Сатпаев.
Представленные на конкурс работы полностью соответствовали требованиям и выполнены на высоком уровне.