Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

Астана қаласында дарынды оқушылар бас қосты

Астана қаласында  дарынды оқушылар бас қосты

2018 жылғы 8-9 қарашада Астана қаласында EXPO Энергия холлында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқығын қорғау жөніндегі комитеті ұйымдастырумен «Балаға мейріміді Қазақстан» республикалық балалар форум –фестивалі өтті.

Республикалық Форум-фестивальдің мақсаты - «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде өскелең ұрпақтың жасампаз азаматтық ұстанымы мен бай рухани құндылығын қалыптастыру.

Балалар Форум-фестивалінің жұмысына республиканың барлық өңірлерінен келген 320 бала Халықаралық, республикалық зияткерлік олимпиадалар, ғылыми, әлеуметтік жобалар жеңімпаздары, жергілікті Жас ұлан ұйымы Ұланбасы , қалалық, аудандық әкімшілік жанындағы оқушылардан құралған маслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдарының көшбасшысы, және өнер мен спортта жетістіктері бар шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары қатысты.

Форумға Қарағанды облысынан 19 оқушы Қарағанды, Жезқазған қалалары  1,2, 3 «Білім-инновация лицейі», Н.Нұрмақов атындағы, Жамбыл атындағы, «Мұрагер» , Музыка мамандандандырылған мектеп –интернаты, Осакаров ауданы Пионер балалар үйі, Қарағанды қаласы №92 гимназия, №57, 101 мектеп –лицейі, Ә.Бөкейханов атындағы  №76 мектебі оқушылары қатысты.

Форум барысында оқушылар республикамыздың түкпір –түкпірінен жиналған өнерпаз оқушылардың концерттік бағдарламасында    Бөртебаев Мақсат пен Сатаева Аяна өз өнерлерін көрсетсе, Сағынат Диас қатысушыларды ағылшын тілінде   құттықтады, Сайлекеев Алихан, Даулетханова Нұрай, Ли Александр, Рудич Евгения әлеуметтік және шығармашылық жобалар көрмесіне қатысты. Барлық оқущылармен  қызығушылықтарына орай шеберлік сағаттары өткізілді.

Шығармашылық топ өкілдері «Спарта» КВН командасымен кездессе, спортшылар Астана футбол клубы өкілдерімен пікірлесті, Зияткер оқушылар Назарбаев Университетімен танысып, көшбасшы оқушылар Жас Отан ЖҚ төрағасы Д.Сүндетпаевпен сұхбаттасты.  Оқушылардың әсері бойынша ең  тиімді шеберлік  сағаты әлеуметтік жобалар қорғау шеберлік  сағаты  жас дарын, ғалым, Тараз қаласынан келген астрофизик Мустопуло Исаакпен кездесуін айтты.

Фестиваль бағдарламасы аясында оқушылар Тұңғыш Президент мұражайы және Еврикум орталығына саяхатқа барды.

Барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты дептутаты, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Айтпаева Сауле Муханбедиановна құттықтап, ҚР Білім және ғылым министрлігі сертификат, кітап және электронды қол сағат  сыйға берді.

Қарағанды облысы делегациясы форумынан оң әсер алып, конференциядан түйген ойларын өз оқу орындарында насихаттауды жоспарлауда. 

 

  • Бас мәзір
  • Сарыарка дарыны
  • Іс - шаралар
  • Нормативті құжаттар
  • Қызмет
  • ММИ
  • Антикор
  • Регистрация на мероприятия
  • Планы лабораторий
  • Устав организации
  • Написать директору
    Please let us know your name.

    Неверный ввод