Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

«Ізденген жетер мұратқа» атпен Қарағанды облысы дарынды оқушыларының дарынды тұлғалармен кездесуі өтті

«Ізденген жетер мұратқа» атпен

Қарағанды облысы дарынды  оқушыларының дарынды тұлғалармен кездесуі өтті

2018 жылғы 5 қазанда Қарағанды облысы білім басқармасы мен «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру  аймақтық ғылыми –практикалық орталығы Қарағанды қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінде жалпы және мамандандырылған мектеп –интернаттары оқушыларына арналған  «Ізденген жетер мұратқа» атты кездесу форумы өтті.

Кездесу қонақтары «Қазақстан 100 жаңа есімдер» финалисті, физик, тренер, оқытушы, «Астана» Халықаралық қаржы  орталығы басшысы –Ернұр Рысмағамбетов және Қырғызстан Республикасынан келген  Ресей, Сингапур, Словакия, Түркия, Франция, Италия және т.б. «Таланттар шоуы», «Минута славы» т.б. байқаулардың  жеңімпазы, биші  –Атай Өмірзақов.

Кездесу мақсаты- жастарды әрекетшіл болуға шақыру, қоғамдық белсенділік танытуға баулу, өзінің күшіне және бойында мақсат қоюға, жеңіске жетуге ұмтылыс қаситтерін тәрбиелеу.

Кездесу барысында  оқушылар:  көкейіндегі  алғашқы жеңіс,  алғашқы жеңіліс, өз бойынды тәрбиелеу, өзіңді шынықтыру, қоршаған ортамен қарым –қатынас, жұлдыз ауруына шалдықпау, өмірінді бағдарлай білу деген секілді толассыз сұрақтарға толық жауап ала білді.

Жалпы 350 оқушы қатысты. 

 

  • Бас мәзір
  • Сарыарка дарыны
  • Іс - шаралар
  • Нормативті құжаттар
  • Қызмет
  • ММИ
  • Антикор
  • Регистрация на мероприятия
  • Планы лабораторий
  • Устав организации
  • Написать директору
    Please let us know your name.

    Неверный ввод