Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

Жол қозғалысы жас инспекторлары жасақтарының XIX-ші облыстық слеті туралы ақпарат

Жол қозғалысы жас инспекторлары жасақтарының XIX-ші облыстық слеті туралы ақпарат

2018 жылғы 04 – 06 маусым аралығында Қарағанды облысы білім басқармасы, Қарағанды облысының ішкі істер департаментімен бірлесе отырып Бұқар жырау ауданының «Березняки» санаторийінде Жол қозғалысы жас инспекторларының XIX  облыстық слетін өткізді.

Слеттің негізгі мақсаты: балалар мен жасөспірімдер қатысуымен болатын жол-көліктік оқиғаларды ескерту бойынша жұмыстарды жетілдіру мен балалар жол-көліктік жарақатының алдын алу мәселелеріне мүдделі мекемелер, ұйымдар мен қоғам назарын тарту болып табылады.

Слетке облыс бойынша 17 аудан, қаласынан 200-ге жуық оқушы қатысты.

Атап айтатын болсақ: Абай, Жаңаарқа, Бұқар-жырау, Шет, Осакаров, Қарқаралы, Нұра, Ақтоғай, Ұлытау аудандары, қалалардан Балқаш, Приозерск, Теміртау, Сәтбаев, Саран, Шахтинск, Қарағанды, Жезқазған қатысты.

Жас инспекторлар жолда жүру ережелерінің білімпаздары, эрудиттер, санитарлар байқауларында үздік білімдерін, саптық және велосипедпен жүру байқауларында, сонымен қатар «ҚЖИға -45 жыл! Біз мерекені игі істермен құрметтейміз» атты тақырыбына арналған үгітбригадалар және басқа да байқауларда жоғары дайындықтарын көрсете білді. 

Қорытынды есеп бойынша келесі орындар тағайындалды:

-Жалпы командалық есепте 1-орынға Қарағанды қаласы №95 мектеп-гимназиясының  «Сирена» командасы ие болды;

- 2 орын иегері  Осакаров ауданы №12 орта мектебінің «Светофор» командасы;

- 3 орын иегері Бұқар жырау ауданы Керней мектебінің «Жас қырандар» командасы.

Облыстық байқауда 1 орынға ие болған №95  жас инспекторлар жасақтары ағымдағы жылғы тамыз айында Қызылорда қаласында өтетін слетке Қарағанды облысы атынан қатысатын болады.

Жеңімпаздарға дипломдар, бағалы сыйлықтар, сыйақы сертификаттары спорттық тауар алу үшін сонымен қатар ауыспалы кубок табысталды. 

  • Бас мәзір
  • Сарыарка дарыны
  • Іс - шаралар
  • Нормативті құжаттар
  • Қызмет
  • ММИ
  • Антикор
  • Регистрация на мероприятия
  • Планы лабораторий
  • Устав организации
  • Написать директору
    Please let us know your name.

    Неверный ввод