Жалпы білім беретін мектеп, мамандандырылған мектеп – интернат оқушылары арасында баскетболдан «Мектеп лигасы» бойынша облыстық жарысы
Қарағанды облысының білім басқармасының, «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының күнтізбелік жоспарына сәйкес. 2021 жылдың 27-30 наурыз күндері жалпы білім беретін мектеп, мамандандырылған мектеп-интернаттардың 5-6 сынып (қыздар) оқушылары арасында Қарағанды қаласының №2 лицейде баскетболдан «Мектеп лигасы» бойынша облыстық жарыс өткізілді.
Жалпы жарысқа қатысушылар саны 48 оқушы қатысты. Төрешілердің шешімі бойынша командалар келесі орындарға ие болды.
Қыздар арасында:
I орын–Қарағанды қаласы№30 ЖББОМ;
II орын –Қарағанды қаласы №15 ЖББОМ;
III орын – Шахтинск қаласы.
Жеңімпаздар «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының кубоктары, медальдері және дипломдармен марапатталды.