Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

Мұрагердегі кездесу

        03мамыр күні сағат 11-00 ден 13-00 аралығында мамандандырылған «Мұрагер» мектеп-интернатының жиын залында «Алау» шаңырағының ұйымдастыруымен сынақшы-ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Қазақстан ғарыш мектебінің негізін салушы, Отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласқан Тоқтар Аубакировтің өмір жолын, туып-өскен, оқып білім алған ортасын, қызмет еткен орындары туралы оқушылар тереңірек біліп, рухани-адамгершілік тәлім-тәрбие алсын деген мақсатпен кездесу кеші өтті.

        Мектеп директоры Нұрмағанбетова Маргарита Таукенқызы құттықтау сөз сөйлеп шараны ашып берді. Кездесу барысында «Жер және космос» бағытындағы ғылыми-зерттеуге жұмыстарымен айналысып жүрген оқушылар өз жобалары туралы баяндай отырып, келешекте жобаны арықарай дамыту жолдары туралы пікір алмасты.

        Тоқтар Оңғарбайұлы мектебіміздегі работатехника үйірмесінің жұмыстарына қызығушылық танытып, оқушыларға өзінің ақыл-кеңесін берді.

Ғарышқа ұшуды армандамайтын бала жоқ шығар сірә. Кеш барысында оқушылар өз ойларында жүрген ғарыш тақырыбына байланысты түрлі сұрақтарын қойып қызықты да мәнді мағұлыматтар алды. Мектептің өнерлі оқушылары өз өнерлерімен кештің мазмұнды өтуіне атсалысты.

Кеш соңында мектеп ата-аналар комитетінің мүшесі, мектеп парламентінің төрағасы, мектеп директоры Тоқтар Оңғарбайұлына алтын уақытын бөліп, шақыруды қабыл алып мектебімізге келгені үшін алғыстары білдірді.

Жомартова З.Е., Мусина А.Н.