Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай 7-11 (12) сынып оқушылары арасында облыстық «Жас тұлпар» және «Жыр алыбы-Жамбыл» атты ақындар айтысы

Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы, Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай 7-11 (12) сынып оқушылары арасында облыстық «Жас тұлпар» және «Жыр алыбы-Жамбыл» атты ақындар айтысын өткізеді.

Айтыс екі номинация бойынша өтеді:

- Тақырыптық айтыс;

- Қайым айтыс.

I кезең – аудандық және қалалық кезең ағымдағы жылдың 02 ақпанына дейін өткізіледі. Өтінім 03 ақпанға дейін қабылданады. Өтінімде әр аудан, қаладан міндетті түрде кем дегенде 2 оқушы қатыса алады.

II  кезең – облыстық кезең. Облыстық кезең ағымдағы жылдың 10 ақпанда, сағ. 10-00 де Тәттімбет атындағы өнер колледжі базасында өту жоспарлануда. Қатысушыларды тіркеу 09-00 де. Байланыс телефоны: 425533

Написать директору

Неверный ввод