«Республикалық балалар оқулары»
байқауының аудандық/қалалық кезеңі өтті
«Сарыарқа дарыны» АҒПО 2022 жылдың 23 қыркүйегінде «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде 3-10 сынып оқушылары арасында «Республикалық балалар оқулары» байқауының аудандық/қалалық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты оқушылардың кітапқа деген құштарлығын арттыру және оқу сапасын жақсарту.
Байқауға дайындалу үшін оқушылар «Әдебиет порталы» интернет-жобасындағы ұсынылған қазақстандық және шетелдік кітаптардың тізімі бойынша дайындалады. Байқау тест және эссе (2 тур) форматында өтті.
3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар («Қазақ ертегілері» және «Алпамыс батыр» ертегісі);
5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар («Мен – апамның баласымын» және «Ағайынды Гриммдер ертегілері»);
7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар («Ұшқан ұя» және «Гулливердің саяхаты»);
9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар («Көшпенділер. Алмас қылыш», І. Есенберлин және «Робинзон Крузо», Даниэль Дефо).
Қарағанды облысынан аудандық/ қалалық кезеңіне 2000 астам оқушы қатысты. Облыстық кезең 14 қазанда Қарағанды қаласында өтеді.