Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

Химия пәнінен Қ. Сәтбаев атындағы ІV республикалық олимпиадасын өткізу туралы ақпарат

Химия пәнінен Қ. Сәтбаев атындағы

ІV республикалық олимпиадасын өткізу туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Қарағанды облысының білім басқармасы арасындағы Меморандумға сәйкес 2020 жылғы                    03 қарашада химия пәнінен Қ.Сәтбаев атындағы ІV республикалық олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) қашықтықтан өткізіледі.

Олимпиаданың мақсаты – ерекше қабілетті оқушыларды анықтау, олардың химия ғылымына деген қызығушылығын дамыту, пәнді тереңірек оқуға ынталандыру.

Олимпиада 9-сынып оқушылары үшін бір кезеңде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оnlinе-test.kaznu.kz сайтында өткізіледі.

Олимпиадаға республикамыздың барлық аймақтарынан, «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ, «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ мен республикалық білім беру ұйымдарынан 70-тен астам оқушы – республикалық юниор олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады.

Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО-ның  І , ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады, дипломдар әр оқушының электронды мекенжайларына жіберіледі.

  • Бас мәзір
  • Сарыарка дарыны
  • Іс - шаралар
  • Нормативті құжаттар
  • Қызмет
  • ММИ
  • Антикор
  • Регистрация на мероприятия
  • Планы лабораторий
  • Устав организации
  • Написать директору
    Please let us know your name.

    Неверный ввод