Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

«Математика және жобалау» халықаралық ғылыми жоба конкурсының қорытындысы

«Математика және жобалау» халықаралық ғылыми жоба конкурсының қорытындысы

2020 жылғы 16 – 18 мамыр аралығында Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында  Мәскеу Мемлекеттік жоғары білім беретін университеті базасында XIV Халықаралық «Математика және жобалау» халықаралық ғылыми жоба жарысының шешуші кезеңі өтті.

«Математика және жобалау» конкурсының негізгі мақсаты мен міндеттері – оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру, зерттеушілік және жоба жасау қызметін дамыту, дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету. Сондай-ақ, математика және информатика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, математика және информатика пәндері бойынша сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды жандандыру. Қатысушылардың және мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілігін арттыру болып табылады.

Қарағанды облысынан 6 оқушы (5 жоба) облыстық, республикалық ғылыми жобалар жарысының жеңімпаздары қатысты. Жарыс 11 номинация бойынша ұйымдастырылды.

Нәтижесінде:

І дәрежелі дипломмен:

  • Юстус Виктор - Қарағанды қаласының №53 ЖББОМ 10-сынып оқушысы;

ІІ дәрежелі дипломмен:

  • Дюсембин Асылхан - Қарағанды қаласының №32 ЖББОМ 10-сынып оқушысы;

ІІІ дәрежелі дипломмен:

  • Жасимова Айбану, Сатаева Аида – Қарағанды қаласының «Дарын» мамандандырылған мектеп –интернатының 11-сынып оқушылары;
  • Орымбаева Ақләйлек – Шет ауданы Ы.Алтынсарин атындағы МГ 9 –сынып оқушысы;

Жарысқа қатысқан барлық қатысушыларға сертификат табысталады.

Жеңімпаз оқушымызды және ұстаздарды құттықтаймыз!

  • Бас мәзір
  • Сарыарка дарыны
  • Іс - шаралар
  • Нормативті құжаттар
  • Қызмет
  • ММИ
  • Антикор
  • Регистрация на мероприятия
  • Планы лабораторий
  • Устав организации
  • Написать директору
    Please let us know your name.

    Неверный ввод