«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XVІ Халықаралық ғылыми жарыстарын онлайн режимінде өткізу қорытындысы туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы алғаш рет 2020 жылғы 22 мамырда онлайн режимінде «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XVІ Халықаралық ғылыми жарыстарын (бұдан әрі - Жарыс) өткізді.
Жарыстың мақсаты - ғарыштық технологиялар, астрофизика және модельдеу, Космос және Жер туралы ғылым саласындағы қолданбалы зерттеулерге оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін ынталандыру болып табылады.
Тікелей эфирде республиканың әр түрлі қалаларынан, сондай-ақ жақын шет елдерден (РФ-5, Қырғызстан-4) 143 жас зерттеуші 109 жұмыстарын ұсынып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді. Трансляция google.meet.com платформасында өткізілді. Жарысты ұйымдастырушы «Дарын» РҒПО бағалау процесінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін жүйеде, барлық қатысушылар өзін-өзі оқшаулау және карантин режимі жағдайында ұйымдастырды.
Жарыстың онлайн-финалына қатысушылар қазақ немесе орыс тілдерінде келесі 5 секцияның бірінде жеті минуттық презентацияларын ұсынды: «Ғарыштық техника және инфрақұрылым», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және моделдеу», «Экология және ғарыштық қызмет», «Астрофизика және Ғаламның эволюциясы», «Күн жүйесі».
Қарағанды облысының намысын қорғауға 4 оқушы (3жоба) «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XVІ Халықаралық ғылыми жарысына қатысуға сұраныс жолдады:
ü Куралов Мадияр, Қажымұрат Аяжан – «Дарын» мамандандырылған мектеп – интернаты, 10 – сынып оқушылары, Қарағанды қаласы;
ü Аждарова Айару – Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп – интернаты, 10 – сынып оқушысы, Қарағанды қаласы;
ü Сыздыков Али - №13 жалпы орта білім беретін мектебі, 11- сынып оқушысы, Жезқазған қаласы.
Жарыстың қорытынды нәтижесінде Жезқазған қаласының №13 ЖББОМ 11-сынып оқушысы Сыздыков Али 2 орын иегері атанды.
Жарысқа қатысқан барлық қатысушыларға сертификат табысталады.Жеңімпаз оқушымызды және ұстаздарды құттықтаймыз
!