Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

Ө.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ МЕХАНИКАДАН ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ IХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Ө.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ МЕХАНИКАДАН ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ IХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (26.02.2013 ж. №61) бұйрығын орындау мақсатында   «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылдың  1-3 наурыз күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті базасында Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық  конкурсы өткізілді.

Конкурс Ө.А.Жолдасбековты еске алуға арналды:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі;
  • Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті;
  • Ислам елдерінің инженерлік институттары Федерациясының бірінші вице-президенті(FEIIC);
  • АҚШ инженер механиктер қоғамының нақты мүшесі, ТМД елдерінің бірқатар Инженерлік академияларының Құрметті академигі;
  • Ғылым, техника және білім беру саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
  • Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Конкурс дарынды жоғары сынып оқушыларының интеллектуалды жарысы болып табылады. Бұл конкурс математикалық білім беру саласындағы дарынды балаларды анықтау мен қолдаудың бір түрі.

Биылғы жылы конкурсқа республикалық ғылыми жарыстардың облыстық кезеңінде І, ІІ және ІІІ дипломдарымен марапатталған қазақстандық жеңімпаз-оқушылар мен шетел мектептерінің ұлттық ғылыми жарыстарының жеңімпаздары арасынан барлығы 186 жоғары сынып оқушылары қатысты. Оның ішінде 156 оқушы Қазақстанның барлық өңірлерінен, республикалық білім беру ұйымдарынан және Назарбаев Зияткерлік мектептерінен, Қырғызстаннан 12 оқушы және Тәжікістан Республикасынан 18 оқушы қатысты. 

Конкурс дәстүрлі түрде 4 секция бойынша өткізілді: механика, математика, қолданбалы математика, экономикадағы математикалық әдістер. Қарағанды облысы командасы құрамында 4 қатысушы (3 жоба).

Конкурс қорытындысы бойынша келесі оқушылар ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды:

  1. Жасимова Айбану, Сатаева Аида – «Дарын» ММИ;
  2. Хавхай Арайлым –Жамбыл атындағы ММИ.

Сонымен қатар барлық қатысушыларға сертификат тапсырылды.

  • Бас мәзір
  • Сарыарка дарыны
  • Іс - шаралар
  • Нормативті құжаттар
  • Қызмет
  • ММИ
  • Антикор
  • Регистрация на мероприятия
  • Планы лабораторий
  • Устав организации
  • Написать директору
    Please let us know your name.

    Неверный ввод