Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

«Жігер» облыстық жастар қозғалысының «Жігерлі жастар» көшбасшылар лагері туралы ақпарат

«Жігер» облыстық жастар қозғалысының

«Жігерлі жастар» көшбасшылар лагері туралы ақпарат

2019 жылдың 26-28 мамыр аралығында Қарағанды облысының білім басқармасы және «Сарыарқа дарыны»балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы облыстық «Жігер» штабымен бірлесіп, Қарқаралы қаласының «Жас дәурен» балалар сауықтыру лагерінің базасында «Жігер»облыстық жастар қозғалысының ұйлестірушілері мен төрағалардың арасында І облыстық «Жігерлі жастар» көшбасшылар лагері өткізілді.

Лагерьдің мақсаты мен міндеттері:«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасының басты бағыттарын іске асыру, «бірлік және бәсекеге қабілеттілік» идеялары айналасына жастарды шоғырландыру,жастар бойындағы отансүйгіштікті және белсенді азаматтық ұстанымды арттыру,ынталы жастарға қолдау білдіру.

Лагерь бірнеше бөлімдерден тұрады(кезеңдер):

Бірінші кезең: Салтанатты бөлімі - Лагерьдің салтанатты ашылуы,ұйымдастырушылардың құттықтау сөздері,қатысушыларды лагерьдің мақсаты мен міндеттерімен таныстыру,лагерьде болған кездегі тәртіппен,іс-шара бағдарламасымен таныстыру,техникалық қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқамалық өткізу,лагерь қатысушыларына имидждік өнімдердітарату.

Екінші кезең: лагерь бағдарламасы бойынша жұмыстың басталуы-кәсіби мамандарды тарту арқылы әртүрлі алаңдардың (секциялардың) жұмыстарының басталуы,шеберлік сағаттар,тренингтер өткізу.Байқаулар,спорттық шаралар,мәдени-демалыс уақытын өткізу.Қозғалыстың одан әрі жұмысы бойынша және туындаған мәселелерді талдау,оларды шешу жолдарын талқылау бойынша кеңес өткізу

Үшінші кезең: лагерьдің байқаулар кезеңін қорытындылау,сертификаттар табыстау, белсенді қатысушыларды марапаттау.Қорытынды концерттік бағдарлама өткізу,лагерь жұмысының аяқталуы.

Қатысушылар 5 командағабөлінді. Әртүрлібайқаулар мен секциялардыңқорытындысыбойыншакомандаларкубоктарменжәнедипломдарменмарапатталды.Лагерь бағдарламасынасәйкес Қарқаралы қаласының ұлттық табиғи паркіне экскурсия және 3 түрлі бағыт бойынша туристік-экспедициялық жорықтарды өтті. Лагерде 100-ден астам қозғалыс өкілдері қатысты

 

  • Бас мәзір
  • Сарыарка дарыны
  • Іс - шаралар
  • Нормативті құжаттар
  • Қызмет
  • ММИ
  • Антикор
  • Регистрация на мероприятия
  • Планы лабораторий
  • Устав организации
  • Написать директору
    Please let us know your name.

    Неверный ввод