Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

Қарағандыда «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы өтті

Қарағандыда «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы өтті

2019 жылы 13 мамырда Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми –практикалық орталығы «Табиғатты аяла» атты  жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің XII республикалық форумының облыстық іріктеу кезеңің өткізді. Жасөспірімдерді табиғатты аялауға баулу, өз өлкенің табиғи мұрасын сақтау мен зерттеу, экологиялық мәдениетін тәрбиелеу, сондай-ақ, азаматтық жауапкершілігі мен патриоттық сезімін дамыту мақсатында өткен форум мемлекеттік Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.

Форум Қарағанды қаласы Жас натуралистер станциясы базасында бас қосты.

Форумға Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран, Приозерск қалалары, Бұқаржырау, Қарқаралы аудандарынан, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп –интернатынан 14-16 жастағы 68 оқушы қатысты. Форум 6 номинация бойынша    «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта», «Экоәлем», «Жасыл оазис», Экологиялық квест ұйымдастырылды. Оқушылар ғылыми жобалар қорғап, шығармашылық жұмыстарын таныстырып, квест барысында өздерінің білімділіктерін көрсетті.  

Форумға қазылық етуге Қарағанды медициналық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті оқытушылары шақырылды.

Жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

«Туған өлкені зерттейміз» номинациясы:

І орын – Сарсен Алтынай, №7 гимназия, Балқаш қаласы;

ІІ орын – Бабабай Кәрім, № 3 Жалпы білім беретін орта мектебі, Қарқаралы ауданы;

ІІІ орын – Сайдалы Бегайым, Адилбаева Аружан, Жас натуралистер станциясы, Қарағанды қаласы.

«Жасыл экономика» номинациясы:

І орын - Акпарова Аяулым, № 4 Жалпы білім беретін орта мектебі, Саран қаласы;

ІІ орын – Бидаулет Алибек, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты;

ІІІ орын – Биякин Сергей, № 48 Жалпы білім беретін орта мектебі, Қарағанды қаласы;

ІІІ орын - Боровок Сергей, № 48 Жалпы білім беретін орта мектебі, Қарағанды қаласы;

«Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы:

І орын – Сағынтай Аружан, № 8 Жалпы білім беретін орта мектебі, Қарқаралы ауданы;

ІІ орын – Гришаева Илона, Калинина Полина, №1 Жалпы білім беретін мектебі, Саран қаласы;

ІІІ орын – Серікбай Калима, № 4 Орта мектебі, Қарқаралы ауданы.

«Экоәлем» номинациясы:

І орын – Жукенов Аман, № 4 Орта мектебі, Қарқаралы ауданы.

ІІ орын – Иманов Дарын, М.П. Русаков ат. № 2 мектеп-интернаты, Балқаш қаласы;

ІІІ орын – Елубеков Жігер, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицей, Шахтинск қаласы.

«Жасыл оазистер» номинациясы:

І орын – Ермакова Мария, Оразалы Мерей, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты;

ІІ орын – Шайхат Нұрай, Есенгелді Гүлзат, Амангелді Жаңғазы, Ақжол орта мектебі, Қарқаралы ауданы;

ІІІ орын – Спабеков Ерасыл, Көмек Аяжан, № 24 Орта мектебі, Балқаш қаласы;

ІІІ орын – Киртанович Виолетта, № 1 Негізгі мектебі, Саран қаласы.

« Экологиялық квест» номинациясы:

І орын – Жас натуралистер станциясының командасы;

ІІ орын – Балқаш қаласының командасы;

ІІІ орын – «Мұрагер» мамандандырылған мектеп интернатының командасы.

Форум жеңімпаздары дипломдармен, жеңімпаздарды дайындаған ұстаздар алғыс хатпен, барлық қатысушылар сертификатпен марапатталды.

1 орынға ие болған оқушылар Қарағанды қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады.

 

  • Бас мәзір
  • Сарыарка дарыны
  • Іс - шаралар
  • Нормативті құжаттар
  • Қызмет
  • ММИ
  • Антикор
  • Регистрация на мероприятия
  • Планы лабораторий
  • Устав организации
  • Написать директору
    Please let us know your name.

    Неверный ввод