Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

Ұлытау өңірінде «Kazakhstan robotics challenge» аймақтық роботехника жарысы өтті.

Ұлытау өңірінде «Kazakhstan robotics challenge» аймақтық роботехника жарысы өтті.

2019 жылғы 16 ақпанда «Ұлытау» спорт кешенінде республикалық «Kazakhstan robotics challenge» сайысының облыстық кезеңі өтті. Облыстық кезеңге Қарағанды қаласы , Шет ауданы, Жаңаарқа ауданы, Балқаш қаласы, Шахтинск, Сатпаев, Жезқазған қалалары , Ұлытау ауданы мен Қарағанды қаласы №1,2 «Білім-инновация лицейі», «Мұрагер» ММИ, Жамбыл атындағы ММИ, Ақпараттық технологиялар лицей-интернаты, Балқаш қаласы «Зияткер» мамандандырылған мектеп –интернаттары, Жезқазған қаласы №3 «Білім-инновация» лицей –интернаттарынан 80 команда , 160 оқушы қатысты. Аймақтық деңгейді Қарағанды облысы білім басқармасы қолдауымен Жезқазған қаласы «Білім-инновация» лицейі интернаты ұйымдастырды.      

Салтантты ашылу сәтінде Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары, «Білім-инновация» Халықаралық қорының солтүстіктегі аймақтар өкілі, «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми –практикалық орталығы басшының орынбасары қатысып, құттықтау сөз сөйледі.  
Сайыстың негізгі мақсаты: облыс көлемінде робототехника саласын дамыту, оқушылардың робототехникаға деген қызығушылығын арттыру, республикалық жарысқа іріктеу жасау.
Сайыс 6 бағыт бойынша өтті және жеңімпаздар төмендегідей анықталды.
1. Lego Missions номинациясы (5 минут ішінде берілген 6 тапсырманы орындау):

1 орын - 50000 теңге иегері Қарағанды «Білім-инновация» лицей –интернаты командасы- Муталиев Нүркен және Қабидоллаұлы Асылжан, тренер Ахметов Н;

2 орын - 30000 теңге иегері Жезқазған қаласы №3 «Білім-инновация» лицей –интернаты командасы - Ералиев Мұхаммед және Тұрсын Бекзат , тренер Дадаханов Ш;

3 орын - 20000 теңге иегері Қарағанды «Білім-инновация» лицей –интернаты командасы- Сансызбайұлы Адалбек және Тұрар Аян, тренер Ахметов Н;

4 орын Мадақтама иегерлері – «Мұрагер» ММИ командасы -Жәнібек Аділбек және Амангелдин Мирас, тренері Жандосов Ж, Жезқазған «Білім-инновация» командасы- Қажмұхамбет Бағлан және Чараев Егор, тренері Дадаханов Ш.
2. Lego Mini Sumo номинациясы (салмағы 1кг-ға дейінгі роботты аренадан ығыстырып шығару):

1 орын - 50000 теңге иегері Шет ауданы, Ж.Ақылбаев МГ

оқушысы -Нәрік Саяжан, тренер Ержанов А;

2 орын - 30000 теңге иегері Ақпараттық технологиялар мектеп –лицейі командасы - Серік Нұрсұлтан , Амантай Санжар , тренер Әбдіқашев Н;

3 орын - 20000 теңге иегері Балқаш қаласы Оқушылар сарайы командасы -Жандосұлы Қадыр, Ахметов Абат, тренер Надирбеков А;

3. Lego Grand Sumo номинациясы (салмағы 2кг-ға дейінгі роботты аренадан ығыстырып шығару):

1 орын - 50000 теңге иегері Жамбыл атындағы ММИ командасы -Қуанышбаев Бексұлтан, Ермек Али, тренер Макамбаев Ш;

2 орын - 30000 теңге иегері Шет ауданы, Ж.Ақылбаев ат.МГ оқушысы -Тезекбаев Нұрғанат , тренері Ержанов А;

3 орын - 20000 теңге иегері Жаңаарқа ауданы №132 ЖББОМ командасы- Мантенов Асхат, Карипбеков Диас;

4 орын – Мадақтама «Мұрагер» ММИ командасы -Жұмағұл Абылай, Омаров Алишер.

4. Lego Labyrinth номинациясы (лабиринттің соңына дейін жылдам жету);

1 орын - 50000 теңге иегері Ақпараттық технологиялар лицей –интернаты командасы- Жайлыбаев Бибол, Ермек Али, тренер Әбдіқашев Н;

2 орын - 30000 теңге иегері Қарағанды қаласы №2 «Білім-инновация» лицейі командасы- Күлмағамбетова Нұрбибі, Минкенова Инкар, тренер Сыздыққызы І;

3 орын - иегері 20000 теңге иегері- Шет ауданы, Ағадыр кенті, М.Мәметов атындағы ОМ командасы -Перепечкин Марк, Адильханова Эльмира, тренер Карсембаева М;

3 орын - 20000 теңге иегері Балқаш қаласы №17 МЛ оқушысы -Головчанский Владсилав, тренер Далибаев Б;

4 орын – Мадақтама Жезқазған қаласы №13 ЖББОМ.
5. mBot Football Tournament номинациясы (роботтар футболы):

1 орын - 50000 теңге иегері Ақпараттық –технологиялар лицей –интернаты командасы- Төлеу Мұхммедамин, Худжаев Тойрходжа, тренер Аскарова Г;

2 орын - 30000 теңге иегері Ақпараттық –технологиялар лицей –интернаты командасы-Зекенов Арслан, Жексембин Әмір, тренер Аскарова Г;

3 орын -20000 теңге иегері «Мұрагер» ММИ командасы –Иманғалиев Ернұр, Досжанов Даниал, тренер Жандосов Ж;

4 орын - Мадақтама Қарағанды қаласы №1 «Білім-инновация» лицейі командасы –Әсет Қали, Әлхан Мұхтархан, тренер Ахметов Н.


6. Arduino Hackathon Competition (роботтармен басқарылатын радиомашина құрастыру)
     1 орын - 50000 теңге иегері - Ақпараттық –технологиялар лицей –интернаты командасы-Носов Михайл, Арташкевич Дамир; тренер Аскарова Г;

     2 орын - 30000 теңге иегері –Жезқазған қаласы №3 «Білім-инновация» лицейі оқушысы –Жүсіпов Самат, тренер Дадаханов Ш;

3 орын - 20000 теңге иегері –Қарағанды қаласы №1 «Білім -инновация» лицей –интернаты оқушысы Куликов Иван , тренер Ахметов Н.

Жеңімпаздар жарыс ережесі бойынша наурыз айында Астана қаласында «Білім-инновация» халықаралық қоры ұйымдастыруымен өтетін республикалық кезеңде Қарағанды облысы намысын қорғайды.

Барлық қатысушыларға сертификат, тренерлерге Алғыс хат берілді.

 

  • Бас мәзір
  • Сарыарка дарыны
  • Іс - шаралар
  • Нормативті құжаттар
  • Қызмет
  • ММИ
  • Антикор
  • Регистрация на мероприятия
  • Планы лабораторий
  • Устав организации
  • Написать директору
    Please let us know your name.

    Неверный ввод