Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

Қарағанды облысының колледж студенттері және «Жігер» облыстық жастар қозғалысының мүшелері арасында өткізілген V облыстық пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша ақпарат

Қарағанды облысының колледж студенттері және «Жігер» облыстық жастар қозғалысының мүшелері арасында өткізілген V облыстық пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша ақпарат

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 15 ақпанда Жезқазған қаласы, Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің ғимаратында «Жігер» облыстық жастар қозғалысының мүшелерімен колледж студенттері арасында V облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Турнир Американдық-парламенттік формат бойынша өткізілді.

Турнирдің мақсаты – жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуеттерін анықтауға бағытталған студенттердің бастамаларына қолдау көрсету.

Турнирдің міндеттері:

- Облыстық деңгейде пікірсайыс қозғалысын дамыту;

- Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;

- Жастардың бойында патриоттық сезімді ояту және оны әрі дамыту;

- Белсенді жастарды қоғамдық қызметке теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дайындау;

- Жастардың мәдени дамуын ынталандыру;

- Рухани құндылықтарды нығайту.

Турнир қарарлары:

БП бай елдер кедей мемлекеттерге көмектесуге тиіс деп есептейді;

БП басты отбасылық құндылықты атайды;

БП сырттай жоғары білімге қарсы;

БП жол-көлік оқиғаларын азайтудың тиімді механизмін ұсынады;

БП Қазақстанның әскери күшін нығайтудың жолдарын ұсынады;

БП жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күресудің тиімді жолдарын ұсынады

Пікірсайыс турниріне Қарағанды облысының колледж студенттері қатысты. Барлығы – 30 команда, орыс лигасы – 13, қазақ лигасы– 17, қатысушылар саны – 60 студент.

Турнирдің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Қазақ лигасы:

I орын Қарағанды гуманитарлық колледжінің «МЕНІҢ СҮЙІКТІ КОМАНДАМ» командасы:

  1. Қиянбекова Несібелі;
  2. Аманжолова Балжан.

ІІ орын Балқаш қаласы, «Қазақмыс» корпорациясы политехникалық колледжінің «ЖҰЛДЫЗ» командасы:

  1. Исатаев Абылай;
  2. Касенхан Рахман.

ІІІ орын Балқаш қаласы, Балқаш көпсалалы колледжінің «СҰҢҚАР» командасы:

  1. Ельшибеков Сержан;
  2. Жүзбай Бөкейхан.

Үздік спикер:

Исатаев Абылай – Балқаш қаласы, «Қазақмыс» корпорациясы политехникалық колледжі.

Орыс лигасы:

І орын Қарағанды қаласы, Қарағанды  «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «REFLECTION» командасы:
  1. Бопежанова Адина;
  2. Вишневский Артем.

ІІ орын Теміртау қаласы, Теміртау техникалық колледжінің «ЛОББИ» командасы:

  1. Раджабов Махмадали;
  2. Егоряди Александр.

ІІІ орын Жезқазған қаласы, Жезқазған гуманитарлық колледжінің «ЖЕЗГУМ» командасы:

  1. Трахпанова Аружан;
  2. Сүлейменов Төлеби.

Үздік спикер:

Руш Станислав– Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі. Жеңімпаздар және үздік спикерлер дипломдармен, кубокпен, медальдармен және сыйлық сертификаттармен, ал мұғалімдер оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.

 

  • Бас мәзір
  • Сарыарка дарыны
  • Іс - шаралар
  • Нормативті құжаттар
  • Қызмет
  • ММИ
  • Антикор
  • Регистрация на мероприятия
  • Планы лабораторий
  • Устав организации
  • Написать директору
    Please let us know your name.

    Неверный ввод