Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ХI Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша                              ХI Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес және Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №465 бұйрығын орындау мақсатында 2018 жылғы 13-16 қараша аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің базасында жаратылыстану-математикалық  бағыттағы пәндер бойынша  ХI Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.

Олимпиада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Тұңғыш Президенті күндеріне арналған іс-шаралар аясында өткізілді. Олимпиада Елбасымыздың Қарағанды металлургия комбинатында алғашқы еңбек қызметін бастаған Теміртау қаласында өтті.

Олимпиаданың алғашқы аймақтық кезеңін облыстық білім басқармасы ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде «Дарын» РҒПО-ның академиялық тобының жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес барлық пәндер бойынша құрастырылған арнайы тапсырмалар жиынтығы бойынша өткізді.

Олимпиадаға 10 жыл ішінде 25 274 түлек қатысты. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша еліміздің барлық аймақтарынан 407 мектеп бітіруші on-line режимінде ағымдағы жылдың 17 қазанында өткізілген олимпиаданың қашықтық кезеңіне қатысты.

XI Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің салтанатты ашылуы Теміртау қаласындағы Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде өтті.  Олимпиаданың қорытынды кезеңіне 161 мектеп оқушылары қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша 38 оқушы марапатталды, оның ішінде алтын медаль және І дәрежелі дипломдармен 8 қатысушы,  ІІ дәрежелі диплом және күміс медальдармен 12 қатысушы, ІІІ дәрежелі диплом және  күміс медальдармен 18 қатысушы марапатталды.

Президенттік олимпиаданың қазылар алқасы құрамына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадалардың бұрынғы жеңімпаздары, студенттер, магистранттар, PhD докторлары кірді.

Олимпиаданың қашықтық кезеңінен ең жоғары ұпай жинаған 11 оқушы Қарағанды облысының намысын қорғады.

Қатысушының аты-жөні аудан, қала, ММИ мектебі Оқыту тілі
1.

Аманболды Алтын

Балхаш №2  Абай ат. МЛ Қазақша
2. Игнатьева Анастасия Жезқазган №22 ОМ Қазақша
3.

Нұрлан Нұрасыл

Қарағанды

№57  С.Саттаров ат. МЛ

Орысша
4.

Беисова Карина

Қарағанды

2 лицей

Қазақша
5.

Бычек Дарья

Нұра

№3 НМ

Орысша
6.

Балдин Иван

 Теміртау

Т.Әубәкіров ат.гимназия

Қазақша
7 .

Мажикен Алихан

Қарағанды «Дарын» ММИ Орысша
8.

Аршкенов Асыл

Қарағанды «Дарын» ММИ Қазақша
9.

Беисова Карина

Қарағанды «Дарын» ММИ Орысша
10.

Степаненко Мария

Қарағанды «Мұрагер» ММИ Орысша
11.

Байжомарт Дінмұхамед

Жезқазган №3 БИЛ Орысша

Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі 2018 жылғы 16 қарашада Теміртау қаласындағы Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде өтті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 4 оқушы қола медаль мен III дәрежелі дипломдарды иеленді:

-         Мажикен Алихан - «Дарын» ММИ оқушысы;

-         Байжомарт Дінмұхамед - Жезғазған қаласы, №3 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы;

-         Аманболды Алтын - Балқаш қаласы, Абай атындағы №2 лицейдің оқушысы;

-         Беисова Карина - Қарағанды қаласы, №2 лицейдің оқушысы.

 

  • Бас мәзір
  • Сарыарка дарыны
  • Іс - шаралар
  • Нормативті құжаттар
  • Қызмет
  • ММИ
  • Антикор
  • Регистрация на мероприятия
  • Планы лабораторий
  • Устав организации
  • Написать директору
    Please let us know your name.

    Неверный ввод