Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

Қарағанды облысының колледж студенттері және «Жігер» облыстық жастар қозғалысының мүшілері арасында өткізілген облыстық пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша ақпарат

Қарағанды облысының колледж студенттері және «Жігер» облыстық жастар қозғалысының мүшілері арасында өткізілген облыстық пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша ақпарат

Қарағанды облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 20 қазанда Қарағанды экономикалық университетінің ғимаратында «Жігер» облыстық жастар қозғалысының мүшілерімен колледж студенттері арасында облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Турнир Американдық-парламенттін формат бойынша өткізілді.

Турнирдің мақсаты – жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуеттерін анықтауға бағытталған студенттердің бастамаларына қолдау көрсету.

Турнирдің міндеттері:

- Облыстық деңгейде пікірсайыс қозғалысын дамыту;

- Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;

- Жастардың бойында патриоттық сезімді ояту және оны әрі дамыту;

- Белсенді жастарды қоғамдық қызметке теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дайындау;

- Жастардың мәдени дамуын ынталандыру;

- Рухани құндылықтарды нығайту.

Турнир  қарарлары:

БП Қарағанды қаласын көгалдандырудың жаңа бағдарламасын ұсынады;

БП қазақстандық музыка индустриясының болашағы жоқ деп санайды;

БП БАҚ қызметі мен жарықтандыруға шектеу енгізуді ұсынады (журналистика, радио, теледидар);

БП өнер  пайда әкелмейді деп санайды;

БП "Серпін" бағдарламасында жаңа бағыттар ұсынады;

БП Қазақстанда жол мәселесін шешу бойынша механизм ұсынады.

Пікірсайыс турниріне Қарағанды облысының колледж студенттері қатысты. Барлығы – 38 команда, орыс лигасы – 23, қазақ лигасы– 15,  қатысушылар саны – 76 студент. 

Турнирдің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Қазақ лигасы:

I орын Балқаш қадасы, Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің  «ОТАН БОЛАШАҒЫ» командасы:

  1. Аман Арай;
  2. Қоблан Шалкар.

ІІ орын Балқаш қаласы, «Қазақмыс» корпорациясы политехникалық колледжінің «ЖҰЛДЫЗ»  командасы:

  1. Исатаев Абылай;
  2. Касенхан Рахман.

ІІІ орын Жезқазған қаласы, Жезқазған гуманитарлық  колледжінің «АҚИҚАТ» командасы:

  1. Талғатбекова Нұргүл; 
  2. Накупова Айдана.

Үздік спикер:

Бахиева Жадыра – Қарағанды қаласы,Қарағанды технология және сервис колледжі.

Орыс лигасы:

І орын Шахтинск қаласы, Шахтинск технологиялық колледжінің «ЛИВИНГСТОН» командасы:
  1. Алмазов Адам;
  2. Ким Елизавета.

ІІ орын Теміртау қаласы, Теміртау жоғары политехникалық  колледжінің «ТЕСЛА» командасы:

  1. Жанатбек Алмас;
  2. Абилов Жәңгір.

ІІІ орын Қарағанды қаласы, Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжінің  «ҰЛАҒАТ» командасы:

  1. Әдиева Жазира;
  2. Шакенов Рустем.

Үздік спикер:

Цой Софья – «Қазақмыс» корпорациясы политехникалық колледжі

Жеңімпаздар және  үздік спикерлер дипломдармен, кубокпен,  медальдармен және сыйлық сертификаттармен, ал мұғалімдер оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.

  • Бас мәзір
  • Сарыарка дарыны
  • Іс - шаралар
  • Нормативті құжаттар
  • Қызмет
  • ММИ
  • Антикор
  • Регистрация на мероприятия
  • Планы лабораторий
  • Устав организации
  • Написать директору
    Please let us know your name.

    Неверный ввод