Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

Қарағандылық жас робототехниктер Томск қаласында өткен Томск қаласы Губернаторы Кубогы байқауынан жеңіспен оралды.

Қарағандылық жас робототехниктер Томск қаласында өткен Томск қаласы Губернаторы Кубогы байқауынан жеңіспен оралды.

31 қазанда Томск басқару жүйелері және радиоэлектроника мемлекеттік университетінде білім беру робототехникасы бойынша бірден екі сайыс өтті: Томск облысы губернаторының Кубогі және ТБЖРУ (ТУСУР) ректорының Кубогі. Бұл сайыстарға Томск облысының, Ресей және Қазақстанның қалаларынан жиналған мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндер, оқушылар және студенттер қатысты.
Қатысушылар түрлі санаттар бойынша сайысты: «Робо-парад», «Адымдаушы роботтар марафоны», «Кегельринг», «Сумо» және т.б. Бұған қоса, білім беру робототехникасы бойынша шеберлік-сыныптар ұйымдастырылды.
Қазақстан атынан Қарағанды облысы барды. Сайыстарға Қарағанды мен Жаңарқа ауданынан 27 оқушы барды – 6 команда. Ол облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттардың оқушылары: «Дарын», «Мұрагер», Нұрмақов атында, IT-лицейдің, сондай-ақ №101 лицей, №38 гимназияның және ауыл мектептерінің балалары. Олардың барлығы RoboLand-2018 және Kazrobotics халықаралық фестивальдердің жеңімпаздары.
Сапарды облыстық Білім басқармасы қаржыландырды.
Н. Нұрмақов атындағы мектептің командасы «Кегерлинг» санатында жеңімпаз атанды және «Туды алу» категориясында екінші орынды иеленді. №101 мектеп-лицейі және №38 гимназияның біріккен командасы RoboCupJunior OnStage Advance роботтар шоуында үздік деп танылды.
Оларға ТБЖРУ (ТУСУР) ректорының Кубогі табыс етілді.
Сайыс жеңімпаздары сонымен қатар RoboCup робототехника бойынша халықаралық сайысттың ресейлік кезеңіне жолдама алды.
Қарағандылықтар үшін Томскіде мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды. Оқушылар жергілікті кадет колледжінде, «Кванториум» балалар технопаркінде, «Точка гравитации» ғылым және техника мұражайында болып қайтты. Балаларға танымал саяхаттаушы Евгений Ковалевскиймен кездесу бақыты бұйырды. Ол үрмелі желкенді катамаранда дүниежүзін шарлап шыққан алғашқы адам, көптеген саясаттарға және экстремалды экспедицияларға қатысқан.

  • Бас мәзір
  • Сарыарка дарыны
  • Іс - шаралар
  • Нормативті құжаттар
  • Қызмет
  • ММИ
  • Антикор
  • Регистрация на мероприятия
  • Планы лабораторий
  • Устав организации
  • Написать директору
    Please let us know your name.

    Неверный ввод