Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

«Өзін –өзі тану » пәнінен Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі ақпараты

«Өзін –өзі тану » пәнінен Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі ақпараты

Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми –практикалық орталығы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп–интернаты базасында  2018 жылғы 17 қазанда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық іріктеу кезеңі  өтті.                                                                      

Аталған  олимпиада   балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік  білім беру,  шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге,  жетілдіруге және тануға ұмтылысын ынталандыру, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету  мақсатында өткізіледі.

Олимпиадаға Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Сатпаев, Приозерск, Балқаш, Қаражал  қалаларынан , Абай, Бұқаржырау, Қарқаралы, Нұра аудандарынан және Н.Нұрмақов атындағы, Жамбыл атындағы,  «Дарын», «Мұрагер» мамандандырылған мектеп –интернаттарынан, №2 «Білім –инновация лицейі»  20 команда  «Өзін-өзі тану» пәнін оқуда жетістіктерге қол жеткізген, қызықты шығармашылық жұмыстар мен жобаларды әзірлеген 7-9 сынып оқушылары қатысты

Олимпиадаға Қарағанды облысы «Өрлеу» БАҰО «Өзін –өзі тану» пәні тренерлері, «Болашақ» академиясының педагогика және психология кафедрасы аға оқытушысы  қазылық етті.

«Қызмет ету қуанышы!» тақырыбымен өткен әлеуметтік жобалар қорғау олимпиадасы жеңімпаздары төмендегідей анықталды:

I дәрежелі диплом-Қарағанды қаласы, №59 жалпы білім беретін орта мектебі командасы;    

         II дәрежелі диплом–Бұқаржырау ауданы, Ростов тірек мектебі командасы;

.    II дәрежелі диплом-Сәтпаев қаласы, С.Сейфуллин атындағы гимназиясы командасы;

        II дәрежелі диплом-Теміртау қаласы, №9 мектеп –лицейі командасы;

        III дәрежелі диплом-Қарағанды қаласы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп –интернаты командасы;

        III дәрежелі диплом-Қаражал қаласы, №1жалпы білім беретін орта мектебі командасы;

        III дәрежелі диплом-Абай ауданы , Топар жалпы орта мектебі командасы.

1 орын алған команда 2018 жылғы 31 қазан -1 қарашада Алматы қаласы «Бөбек» ҰҒПББСО өтетін республикалық кезеңде Қарағанды облысы намысын қорғауға жолдама алды.

Барлық қатысушыларға сертификат,  командаларды дайындаған жетекшілерге алғыс хат табысталды. 

  • Бас мәзір
  • Сарыарка дарыны
  • Іс - шаралар
  • Нормативті құжаттар
  • Қызмет
  • ММИ
  • Антикор
  • Регистрация на мероприятия
  • Планы лабораторий
  • Устав организации
  • Написать директору
    Please let us know your name.

    Неверный ввод