Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

«Ақ шағала» облыстық хореографиялық фестиваль-байқаудың қорытындысы.

«Ақ шағала» облыстық хореографиялық фестиваль-байқаудың

қорытындысы.

Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2018 жылғы 21 қыркүйекте Қарағанды облысының «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқаудың облыстық кезеңі  өтті.

Байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау.

Байқауға Абай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы   аудандарынан және Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларынан 8 команда, 60 жуық оқушылар қатысты.   

      Облыстық фестиваль-байқау 2 номинация бойынша өткізіліп,  қазылар алқасы  әр номинация бойынша үздіктерді іріктеді. Қазылар алқасының шешімі бойынша, төмендегі оқушылар  облыстық хореографиялық фестиваль-байқаудың  жеңімпаздары атанды:

Халық биі және халық стиліндегі би номинациясы бойынша:    

1-орын- «Балдәурен» хореографиялық ансамблі, «Қарқаралы қаласының Саз мектебі» КМҚК;

2-орын- «Айкөркем» би ансамблі, Жаңаарқа ауданының Балалар өнер мектебі;

3-орын-  «Достар» би ансамблі, Абай ауданының Балалар өнер мектебі;

Командалық есеп бойынша:

1-орын-  «Кербез» би ансамблі, Қарағанды қаласы, №3 ЖБОМ;

2-орын - «Самал» би ансамблі, Бұқар жырау ауданы, Керней селосы;

3-орын - «Шаттық» би ансамбілі, Шахтинск қаласы Бөкейханов атындағы МЛ.

Байқау жеңімпаздары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылар сертификатқа ие болды.

 

  • Бас мәзір
  • Сарыарка дарыны
  • Іс - шаралар
  • Нормативті құжаттар
  • Қызмет
  • ММИ
  • Антикор
  • Регистрация на мероприятия
  • Планы лабораторий
  • Устав организации
  • Написать директору
    Please let us know your name.

    Неверный ввод