Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында ХІХ республикалық Абай оқуларының қорытындысы

Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында ХІХ республикалық Абай оқуларының қорытындысы

2018 жылғы 22-25 тамыз аралығында Семей қаласы, Абай ауданында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен және Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 5-11 сынып оқушылары арасында ХІХ республикалық Абай оқуларын өткізді.

ХІХ республикалық Абай оқуларының негізгі мақсаттары мен міндеттері: мектеп оқушылары арасында Абай, Шәкәрім шығармаларын насихаттау; олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту; ұлылар поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

Республикалық байқау 4 номинация бойынша өтті:

-         «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы;

-         «Көңілім әнді ұғады»  - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың конкурсы;

-         «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсы                         (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар);

-         «Ұлылар әлемі» - Абай және Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу.

Қарағанды облысының намысын облыстық байқаудың жеңімпаздары атанған 4 оқушы  қорғады.

Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша келесі оқушылар жеңімпаз атанды:

1-орын«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Скакова Нургуль Қарағанды қаласы, № 61 Жалпы білім беретін орта мектебінің  9 – сынып оқушысы;

Грамота«Көңілім әнді ұғады» номинациясы – Сартай Аяла  Ұлытау ауданы, №2 Қорғасын Жалпы білім беретін орта мектебінің 7 – сынып оқушысы;

Грамота - «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы – Хашхынбай Жанбота Бұқар жырау ауданы, Ростовка тірек мектебінің (РО) – 11 – сынып оқушысы;

Диплом «Жас зерттеуші»«Ұлылар әлемі» номинациясы – Наурызбай Ұлжан Қарағанды қаласы, Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 9 – сынып оқушысы.

  • Бас мәзір
  • Сарыарка дарыны
  • Іс - шаралар
  • Нормативті құжаттар
  • Қызмет
  • ММИ
  • Антикор
  • Регистрация на мероприятия
  • Планы лабораторий
  • Устав организации
  • Написать директору
    Please let us know your name.

    Неверный ввод