Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

«Ақ шағала» облыстық хореографиялық фестиваль-байқаудың қорытындысы.

«Ақ шағала» облыстық хореографиялық фестиваль-байқаудың
қорытындысы.

Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылғы 2 сәуірде қашықтан республикалық «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқаудың облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау.
Байқауға Абай, Нұра, Жаңаарқа, Қарқаралы, Ұлытау аудандарынан және Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев, Саран, қалаларынан 35 сұраныс келіп түсті.
Облыстық фестиваль-байқау 2 номинация бойынша өткізіліп, қазылар алқасы әр номинация бойынша үздіктерді іріктеді. Қазылар алқасының шешімі бойынша, төмендегі оқушылар облыстық хореографиялық фестиваль-байқаудың жеңімпаздары атанды:
Халық биі және халық стиліндегі би номинациясы бойынша: ​
1-орын- Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияның үлгілі «Шолпан» хореографиялық ансамблі, Қарағанды қаласы;
2-орын- «Ақ маржан» хореографиялық ансамблі, Балалар өнер мектебі, Балқаш қаласы.
3-орын- «АКВАРЕЛЬ» хореографиялық ансамблі, Теміртау қаласы;
«Заманауи би» номинациясы бойынша:
1-орын- Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияның үлгілі «Шолпан» хореографиялық ансамблі, Қарағанды қаласы;
2-орын -«Каприз» хореографиялық ансамблі, Балалар өнер мектебі, Саран қаласы;
3-орын – «Шұғыла» би тобы, Балалар өнер мектебі, Нұра ауданы.
Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Қатысушылар сертификатқа ие болады.
Жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
1 орынға ие болған үлгілі «Шолпан» хореографиялық ансамблі республикалық байқауға жолдама алады.

  • Бас мәзір
  • Сарыарка дарыны
  • Іс - шаралар
  • Нормативті құжаттар
  • Қызмет
  • ММИ
  • Антикор
  • Регистрация на мероприятия
  • Планы лабораторий
  • Устав организации
  • Написать директору
    Please let us know your name.

    Неверный ввод