Балаларға қосымша білім беру Аймақтық Ғылыми-Практикалық Орталығы

Региональный Научно-Практический Центр дополнительного образования для детей

“САРЫАРҚА САҢЛАҒЫ” ОБЛЫСТЫҚ ПІКІР-САЙЫС ҚОЗҒАЛЫСЫ АЯСЫНДА АҒА ПІКІР-САЙЫСШЫМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін 02 сәуір “Сарыарқа саңлағы” облыстық пікір-сайыс қозғалысы аясында аға пікір-сайысшы, республикалық турнирлардың жеңімпазы, "Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының" басшысы, Алимжанов Біржан Нұржанұлымен қашықтан zoom платформасында кездесу өтті.

Кездесуге 300 ден астам облысымыздың пікір-сайысшы оқушылары мен колледж студенттері және жетекшілері қатысты.

Сұхбат барысында Біржан Нұржанұлына көптеген сұрақтар қойылды. Атап айтсақ: "Алдыңызда көп таңдаулар болған шығар, неге солардың ішінен дебатты таңдадыңыз". "Өмірде пікір-сайыстың қандай пайдасы болды", деген сияқты және тағы басқа сұрақтар қойылды.

Біржан Нұржанұлы дебатқа қалай келгенін айтып, өзі қатысқан турнирлардағы қызықты сәттерімен бөлісіп, жас пікір-сайысшыларға ақыл кеңесін айтып, сәттілік тіледі.

  • Бас мәзір
  • Сарыарка дарыны
  • Іс - шаралар
  • Нормативті құжаттар
  • Қызмет
  • ММИ
  • Антикор
  • Регистрация на мероприятия
  • Планы лабораторий
  • Устав организации
  • Написать директору
    Please let us know your name.

    Неверный ввод